Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев
Медицина қызметкерлері Күніне арналған салтанатты іс-шара өткізілді
Дата: 2016-06-15 07:25:44
2016 жылғы 14 маусымда ауданд ық мәдениет үйінде медицина қызметкерлері Күніне арналған салтанатты іс-шара өткізілді. Салтанатты іс-шарада құттықтау сөзімен аудан әкімі Бәкір Саматұлы Демеуов қатысты, ол Успен ауданының денсаулық сақтау қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтап еңбек ісінде үлкен табыстарға жетуін тіледі. Сондай ақ, адал еңбегі және ұжымның қоғамдық өміріне белсенді қатысқаны үшін алғыс хатымен онколог дәрігер – Нұржан Мұқтарұлы Нұртазинді, мадақтама қағазбен учаскелік мейірбике – Наталья Анатольевна Якушенконы марапаттады. Құттықтау сөзімен «Нұр Отан» Партиясы Аудандық Филиалы төрағасының бірінші орынбасары – Александр Викторович Ви шығып сөйледі. Медицина қызметкері күнін мерекелеуіне байланысты және Успен ауданының денсаулық жүйесінде көп жылғы адал еңбек сіңіргені үшін Успен ауданы мәслихаты хатшысының мадақтама қағазымен келесі қызметкерлер марапатталды: - Ольга Васильевна Гущина – Богатырь ауылының МП мейірбикесі, денсаулық сақтау жүйесінде 20 жылдан аса жұмыс істейді. Жұмыс кезеңі үшін өзін сауатты, атқарушы қызметкер болып көрсетті. Емдеушілер және әріптестер арасында абырой және сыймен пайдаланады. «Үздік мейірбике» ауданды конкурсына қатысты, онда 1 орынға ие болды.
- Надежда Васильевна Кононенко – Новопокров аулының МП мейірбикесі. Новопокров аулының МП 20 жыл қызмет етуде. Тәжірибелі, сауатты жұмыскер. Ауданның денсаулықты сақтауына қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасы Конституциясына 20 жыл мерейтойлы медалімен марапатталды.
@depzdrav_pavlodar
whatsapp руководителя