Павлодар перинаталдық орталығы қызметкерлері тұмауға қарсы вакцина алды. Жоғары санатты эпидемиолог дәрігер Сауле Оспанова:
	“Тұмау – жеңіл ауру емес. Ол жыл сайын тіркеліп, пневмонияға әкелуі мүмкін. Ана мен құрсақтағы бала денсаулығына да қауіп төндіреді.”
	Екпені ТОО «Almaz Medical Group» мамандары жүргізеді: алдымен қызметкерлердің дене қызуы мен қысымы өлшеніп, қарсы көрсетілімдер жоқ болса, вакцина салынады.
	Орталықтың неонатолог-дәрігері Нуржас Базарбай:
	“Мен екпені тек өзім үшін емес, ең алдымен аналар мен сәбилердің денсаулығы үшін аламын. Барлық павлодарлықтарды тұмауға қарсы вакцина алуға шақырамын!”
	Денсаулықты қорғау – өзімізден басталады.
            
            
                    
        
                        


@depzdrav_pavlodar
whatsapp руководителя