контакт: қабылдау бөлімі 8(7187)34-76-27 тел. 8(7182) 65-22-28 ekb_polik@mail.ru
адрес: Екібастұз қ. Энергетиктер к.,109
Құрметті қала тұрғындары!
04-05-2023 16:34
Құрметті қала тұрғындары!

Құрметті қала тұрғындары! Қазақстанның барлық аумағында 1- мамыр мен 7- мамыр аралығында СЖЖ  (созылмалы жүрек жетіспеушілігі) апталығы ө туде.

Жүрек жеткіліксіздігі– жүрек өзінің «насосты» функциясын игере алмауынан туындайтын ауру. Бұл кезде дене мүшелері мен тіндерінің қалыпты жұмыс атқаруы үшін қажетті оттегі мен қоректі заттар қан арқылы толық жеткізілмейді. Статистикаға сәйкес, жүрек жеткіліксіздігі 65 жастан асқан адамдардың ауруханаға түсуінің ең көп таралған себептерінің бірі болып табылады.

Жүрек жеткіліксіздігініңсозылмалы түрінің жедел аурудан айырмашылығы асимптоматикалық түрде басталып, біртіндеп дами бастауында. Аурудың бастапқы кезеңінде айқын белгілер көрінбейді, ал жүрек қызметінің ақауын тек медициналық тексеру кезінде ғана анықтауға болады.

Созылмалы жүрек жеткіліксіздігі миокард пен қан тамырларына әсер ететін басқа
аурулардың негізінде пайда болады. Жедел жүрек жеткіліксіздігінің дамуының негізгі
себептеріне келесі ауруларды жатқызуға болады:
Жүректің ишемиялық ауруы;
Жоғары қан қысымы;
Семіру;
Қант диабеті;
Клапанды және туа біткен жүрек ақаулары;
Жүрек инфекциясы;
Жүрек соғысының бұзылуы (аритмологиялық);
Алкогольді және есірткіні көп мөлшерде тұтыну.

Егер сізге жүрек жеткіліксіздігі диагнозы қойылмаса, бірақ қауіп төніп тұрғаның байқасаңыз, оның алдын алу үшін қазірден бастап өмір салтын өзгерту керек.

Сіздерді ар териальды қан қысымын, жүрек соғысы жиілігін өлшеуге, артық салмақ барөжоғын анықтау үшін ашық есік күніне шақырамыз!

Күні: 05.05.2023 ж

Уақыты: с 10:00- 13:00

Орны: СО "САУЛЕ"

Мекен жайы: М.Ауезова 155/61