контакт: 8(71833)21235 terenkol.rbk@mail.ru
адрес: с. Теренколь, ул. Тәуелсіздік, 88
Статья по Вакцинации
11-09-2020 07:25

Тақырыбы: Вакцинация

«Біз вакцинациялауды қолдаймыз!» ұлттықбағдарламасыныңнегізгімақсаты – өміршеңдіктіұлғайту, халықпен медицина қызметкерлерініңақпараталу сапасын арттыру, ата-аналардыңортақжауапкершіліктеріне басты назар аудара отырып, вакциналаудан бас тартумен байланысты қауіп-қатер мен салдарына жұрттыңназарын аудару, аталған бағдарламаларды іске асыруға жергілікті атқарушы органдар мен барлықмүдделі құрылымдар мен ведомстволарды, оныңішінде БАҚ-ты тарту мақсатында вакцинамен басқарылатын жұқпалы аурулардыңалдын алу болып табылады.

Вакцинация дегеніміз не?

Вакцинация (екпелер) — қазіргі таңда вирустық — қызылша, қызамық, мысқыл, полиомиелит, гепатит Вжәне т.б.;бактериялық— туберкулез, дифтерия, көкжөтел, сіреспе және т.б. сияқты инфекциялық аурулардың алдын алуда қолданылатын ең тиімді тәсіл.

Вакцинациялау қағидаты адам ағзасына вакциналар енгізілетінімен негізделеді: түрлі инфекциялардың әлсіздендірілген немесе өлі қоздырғыштары (немесе жасанды синтезделген нәруыздар, олар қоздырғыш нәруыздарына ұқсас келеді).Көптеген екпелерді біруақытта жасаса болады. Бұл ретте, бірнеше вакциналардың қоспасын қамтитын бірқатар препараттар бар. Мысалы, АКДС  вакцинасы көкжөтелге, дифтерияға және сіреспеге қарсы салынады.

Кейбір вакциналар бірінші сәттен бастап иммунитет құрады, кейбіреулерін қайталап салу керек. Ревакцинация — бұрын салынған екпелер арқылы қалыптасқан иммунитетті қолдауға бағытталған шаралар.

 

Вакцинация – тұмау вирусынан қорғанудыңеңмықты тәсілі. Тұмау –респираторлықинфекциялар арасындағы қауіпті аурулардыңбірі. Оныңуыттары буын және нерв жүйелерініңзақымдануына, өкпе тіндерініңзардап шегуіне әкеледі, оныңнәтижесінде мидыңісінуі (менингит), өкпеде су жиналу (пневмония), тамырлардыңкеңейіп кетуі (қанкету, инфаркт, инсульт, язва ауруыныңасқынуы, қант диабеті, аутоиммундықаурулар, обструктивтік өкпе ауруы, аллергиялықаурулар және т.б.) пайда болуы мүмкін. Тұмауға қарсы екпе алу қажет, тұмау эпидемиясы әлемде жыл сайын туындайды және барлықжастағы санаттарды қамтиды. Вакцинациялау кезінде ағзаға тұмау вирусыныңинфекциялықагентін енгізеді, ол агентті антиденелерді шығаруға итермелейді, вирустардыңкөбеюін және жасушаларға инфекфия жұғуын тоқтатады, осылайша белсенді иммунитетқалыпастырады. Вакцинация айғақтарына қауіп топтары жатады. Ересектер тіркелген жерлері бойынша медициналық-санитариялықалғашқы көмек ұйымдарындағы екпе кабинеттеріне жүгіне алады. Тұмаумен ауырып болғаннан кейінгі иммунитет, екпеден кейінгі кезеңдегідей 6-12 ай созылады. Айналмалы вирустардыңштаммдыққұрамыныңөзгеретінін ескере отырып, өткен мерзімде вакциналармен қалыптасқан иммунитет мүлдем тиімсіз болуы мүмкін. Тұмауға қарсы вакцина салдыртқан адамдар арасында тұмаумен сырқаттанушылықекпе сладыртпаған адамдарға қарағанда 12 есеге дейін төмен болады. Тұрмауға қарсы вакцинация 100% қорғаныспенқамтамасыз етпейді, бірақоныңасқынуын және өлім-жітімніңалдын алады. Казіргі жағдайға байланысты.

 

                                                                                                                              ШЖҚ КМК

                                                                                                         «Тереңкөл аудандық ауруханасы»