Бұл қызмет «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы жүзеге асырылады. Ол үшін Мемлекеттік корпорацияға қағаз түрінде өтініш беру қажет.
Егер сіз дербес төлеуші болсаңыз, өтініш үлгі бойынша толтырылады.
Ал жұмыс беруші арқылы өтініш берілген жағдайда, қызметкердің қаражатын қайтаруға берген келісімі қоса тіркелуі тиіс.
Мемлекеттік корпорацияның мекенжайлары мен өтініш үлгілері Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының ресми сайтында бар.
Қаражат өтініш берілген күннен бастап 15 жұмыс күні ішінде қайтарылады.
Қаражатты қайтарудан бас тартатын кездер болады. Оның себептері мыналар:
- МӘМС жарналары бойынша бұрынғы төленбеген кезеңдер үшін берешек болса;
- құжаттарда мәліметтер дұрыс көрсетілмесе;
- өтініш заңнама талаптарына сәйкес келмесе;
- дербес деректерді өңдеуге келісім болмаса.
@depzdrav_pavlodar
whatsapp руководителя