Біліктілікті арттыру аясында мамандар келесі халықаралық бағдарламалар бойынша білім алды:
BLS — базалық жүрек-өкпе реанимациясы
ACLS — кеңейтілген жүрек-өкпе реанимациясы
PALS — балаларға шұғыл көмек көрсету
PHTLS — жарақат алған кезде госпитальға дейінгі көмек көрсету
Оқыту барысында медицина қызметкерлері шұғыл көмек көрсету алгоритмдерін, командалық жұмыс дағдыларын және критикалық жағдайларда әрекет ету тәртібін тәжірибе жүзінде пысықтады. Практикалық сабақтар медициналық көмек көрсетудің заманауи әдістерін меңгеруге және мамандардың кәсіби деңгейін арттыруға мүмкіндік берді.
Осындай білім беру іс-шаралары пациенттерге көрсетілетін медициналық көмектің сапасы мен қауіпсіздігін арттыруға ықпал етеді.
@depzdrav_pavlodar
whatsapp руководителя