контакт: 8(71833)21235 terenkol.rbk@mail.ru
адрес: с. Теренколь, ул. Тәуелсіздік, 88
«Павлодар облысы тұрғындары арасында салауатты өмір салтын насихаттау мәселелеріндегі ведомствоаралық өзара іс-қимыл»
28-05-2026 17:00
«Павлодар облысы тұрғындары арасында салауатты өмір салтын насихаттау мәселелеріндегі ведомствоаралық өзара іс-қимыл»

ереңкөл аудандық ауруханасының СӨС үйлестірушісі Нестеренко Ольга Валерьевна «Павлодар облысы тұрғындары арасында салауатты өмір салтын насихаттау мәселелеріндегі ведомствоаралық өзара іс-қимыл» тақырыбындағы жұмыс кеңесіне қатысты.

Іс-шара Павлодар облыстық онкологиялық диспансері базасында денсаулық сақтау, білім беру ұйымдарының, жастар бастамалары орталығының және құқық қорғау органдарының өкілдерінің қатысуымен өтті.

Кездесу барысында мінез-құлықтық қауіп факторларының алдын алу, салауатты өмір салтын насихаттау, халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын дамыту және ведомствоаралық ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланды.

Осындай іс-шараларға қатысу тәжірибе алмасуға, СӨС қалыптастырудың заманауи тәсілдерін енгізуге және Тереңкөл ауданы тұрғындары арасында профилактикалық жұмыстардың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.