КМҚК «Тереңкөл ауданының ауруханасы» басшысы Боранбаева Эльмира Биржановна «Басшы мектебі – 1» біліктілікті арттыру курсы аясында оқудан өтті.
Оқытуды Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Салидат Қайырбекова атындағы Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығы» ШЖҚ РМК ұйымдастырды.
Біліктілікті арттыру басқарушылық құзыреттерді жетілдіруге, медициналық ұйым жұмысын ұйымдастырудың заманауи тәсілдерін енгізуге және халыққа көрсетілетін медициналық көмектің сапасын одан әрі арттыруға ықпал етеді.
Эльмира Биржановнаға кәсіби қызметінде толағай табыс, жаңа білім мен жинақталған тәжірибені тиімді қолдануды тілейміз!