05 ақпанда №4 қалалық емхана қызметкерлері үшін акт залында «Обаға қарсы костюмді кию және шешу тәртібі» тақырыбында тренинг өтті. Оқыту барысында аса қауіпті инфекциялардан қорғау киімін қолдану кезіндегі іс-әрекеттер алгоритмі көрсетілді. Қатысқан қызметкерлер аса қауіпті инфекцияға күдікті науқас анықталған кездегі алғашқы іс-шаралармен танысты.