Тұз тағамдарға дәм мен хош иіс беріп қана қоймай, сонымен қатар ағзамыздағы су балансының негізгі реттеушісі болып табылады. Алайда, тұзды шамадан тыс қолдану денсаулыққа кері әсерін тигізуі мүмкін.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) мәліметіне сәйкес, ересек адам үшін тәуліктік ұсынылатын тұз мөлшері 2000 мг натрийден аспауы керек (бұл күніне 5 г тұздан аспайтындай). 2 жастан 15 жас аралығындағы балалар үшін ересектерге арналған дозаны олардың энергия қажеттіліктеріне сәйкес төмендету бағытында реттеу ұсынылған.
ДДҰ-ның балаларға арналған бұл ұсынысы тек ана сүтімен тамақтандыру кезеңінде (0-6 ай) немесе ана сүтімен тамақтандыруды жалғастыра отырып (6-24 ай) қосымша тамақтандыру кезіндегі балақайларға қатысты емес. Бірақ, көптеген адамдар ДДҰ-мен ұсынылған нормадан едәуір көп тұз мөлшерін тұтынады, бұл әртүрлі ауруларға әкелуі әбден мүмкін.
Тұзды шамадан тыс тұтыну қан қысымының жоғарылауына ықпал етуі мүмкін, бұл инфаркт пен инсульт сияқты жүрек-қан тамырлары ауруларының даму қаупін жоғарылатады. Сондай-ақ, тұзды шамадан тыс тұтыну бүйрекке зиян келтіріп, бұл бүйрек жеткіліксіздігінің даму қаупін арттырады.
Сонымен қатар, тұзды шамадан тыс тұтыну денеде су мен сұйықтықтың сақталуына әкеліп, бұл өз кезегінде дененің ісуін тудырады және жүрекке салмақ түсуіне алып келеді.
Жоғарыдан аталған аурулардың даму қаупін азайту үшін тұзды тұтынуды бақылауда ұстау қажет. Ол үшін тұзды тағамдарды тұтыну мөлшерін азайту, консерванттар мен өңделген тағамдарды тұтынудан аулақ болу ұсынылады.
Тұзды шамадан тыс тұтыну адам денсаулығына теріс әсер етуі мүмкін, сондықтан тамақтану рационын және денсаулықты сақтау үшін тұзды тұтынуды бақылауда ұстау өте маңызды.
Дұрыс тамақтану - ұзақ және бақытты өмір сүрудің кепілі!
@depzdrav_pavlodar
whatsapp руководителя