— Жария етілуі және/немесе пайдаланылуы мемлекеттің, Кәсіпорынның мүдделеріне нұқсан келтіруі немесе бір мүдделі тұлғалардың өзге бір мүдделі тұлғалардың алдында негізсіз артықшылыққа ие болуына алып келуі мүмкін (басқа тең жағдайларда) Кәсіпорын туралы мәліметтерді (ақпаратты) қорғау.
* ШЖҚ КМК ақпараттық саясаты келесі қағидаттарға негізденеді:
ашылатын ақпараттың толымдығы, шынайылығы, қолжетімділігі, сондай-ақ, ақпаратты ашудың жүйелілігі мен уақыттылылығы.
Сонымен бірге, қызметтік, коммерциялық және заңмен қорғалатын басқа да ақпаратты сақтаудың қамын ойлай отырып, Кәсіпорын өзіне құпия ақпаратты жарияламау міндетін алады, сондай-ақ, ақпаратты қорғаудың заңнамамен рұқсат етілген тәсілдері мен құралдарын қолданады.
Жоғарыда аталып өткен ақпараттық саясат қағидаттары мүдделі тұлғалардың Кәсіпорынның және Кәсіпорын ұсынатын ақпараттың ашықтығы, айқындылығына қатысты сенімділігін қалыптастыруға бағытталған.
Кәсіпорын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының, нормативтік актілерінің, Кәсіпорынның ішкі құжаттарының талаптарына сәйкес, белгілі бір көлемде Кәсіпорын және басқа да тұлғалар туралы ақпаратты ашуды қамтамасыз етеді.
Соның ішінде, ақпараттың міндетті ашылуына жатады:
— Кәсіпорын қызметін реттейтін Кәсіпорын Жарғысы мен ішкі құжаттар;
— маңызды фактілер мен оқиғалар, оның ішінде, Кәсіпорын Жарғысын қайта құру, өзгерістер енгізу туралы мәліметтер;
— Кәсіпорынның жылдық есебі.
Кәсіпорын ашылуға міндетті ақпаратты Қазақстан Республикасының заңнамасы мен нормативтік актілерімен белгіленген тәртіпте және мерзімде тиісті мүдделі тұлғаларға жария етеді.
Қазақстан Республикасының заңнамасы мен нормативтік құқықтық актілерімен міндетті ашылуы қарастырылмаған, бірақ ақпараттық ашықтық пен айқындылықты арттыру есебінен Кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығының артуына ықпал ететін қосымша ақпарат туралы.
Оның ішінде, ашылуға жататын қосымша ақпаратқа:
— Кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық және корпоративтік қызметі туралы мерзімді ақпарат;
— қабылданған стратегиялық шешімдер туралы, қызметтің маңызды оқиғалары мен нәтижелері туралы мәліметтер;
— Кәсіпорын басшыларының бұқаралық ақпарат құралдарында сөз сөйлеуі туралы ақпарат, Кәсіпорынның баспасөз хабарламалары;
— Кәсіпорынның нарықтық жай-күй мен медициналық бизнесті жүргізудің этикалық қағидаларының сақталуын қамтамасыз ету туралы мәліметтер.
* Кәсіпорын қосымша ақпаратты нақты бір уақытта оның өзектілігінің басымдылығы тұрғысынан келіп шығатын мерзімде ашады.
* Мүдделі тұлғалардың ақпарат алуға қатысты құқықтарын жүзеге асыру, сондай-ақ ақпараттың жеделдігі мен қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында, Кәсіпорын ақпарат берудің келесі тәсілдерін қолданады:
— құжатталған ақпаратты беру (жіберу);
— ақпаратты магниттік (электрондық) нұсқада (заңнамамен бекітілген жағдайларда) ұсыну;
— ақпаратты ақпараттық агенттіктер мен бұқаралық ақпарат құралдары арқылы ашу;
— ақпаратты Кәсіпорынның интернет желісіндегі парақшасында жариялау арқылы ашу;
— пресс-конференциялар, жұрт алдында сөз сөйлеу және мүдделі тұлғалармен жеке кездесулер барысында ақпараттандыру;
— Қазақстан Республикасының заңнамасында бекітілген басқа да тәсілдермен.
- Кәсіпорынның лауазымды тұлғаларының ақпаратты ашуы
* Кәсіорынның қызметі туралы ақпаратты жинау, дайындау мен ашуды Кәсіпорынның ішкі құжаттарына сәйкес, ақпаратты ашу функцияларын атқаратын лауазымды тұлғалар жүзеге асырады.
* Кәсіпорынның қызметімен байланысты жұрт алдында сөз сөйлеу құқығына Қадағалау кеңесінің Төрағасы мен мүшелері, Кәсіпорын Басшысы, сондай-ақ Кәсіпорын Басшысының бұйрығымен Кәсіпорынның уәкілетті өкілдері ие.
* Байқау кеңесінің Төрағасының немесе Байқау кеңесінің мүшесі болып табылатын оның уәкілетті тұлғасының Байқау Кеңесі қабылдаған шешімдерге қатысты ресми түрде пікір айтуға, сондай-ақ Байқау кеңесінің отырыстарында қарастырылған мәселелер бойынша көзқарас білдіруге құқығы бар.
- Ақпаратты ашу ережелері
* Ақпараттың ашылу тілі Осы Ережеге сәйкес ақпарат ашу барысында Кәсіпорын ақпаратты мемлекеттік және орыс тілдерінде бұл қолданыстағы заңнамамен рұқсат етілгенде және нақты жағдайда (синхронды аударма жасау мүмкін болмайтын сұхбат, жария пікір айту және тағы басқа жағдайларда) ақпаратты ашудың мәніне қайшы келмейтін барлық жағдайларда жариялайды.
* Пресс-конференциялар, телефон арқылы конференциялар, брифингтер мен кездесулер өткізу, халықаралық ұйымдардың қызметіне қатысу.
* Кәсіпорын баспасөз қызметі арқылы БАҚ құралдарына Кәсіпорынның қызметі мен даму болашағы туралы ресми шолуларды таратады, БАҚ өкілдерінің сауалдарына жауап береді, Кәсіпорынның уәкілетті лауазымды тұлғаларының қатысуымен сұхбаттар, брифингтер мен пресс-конференциялар ұйымдастырады..
* Кәсіпорын республикалық және халықаралық конференциялардың, көрмелердің жұмысына, халықаралық ұйымдардың қызметіне қатысады.
* Кәсіпорын қызметі туралы ақпаратты ашуды көздейтін шараларға қатысатын Кәсіпорын өкілдері, сондай-ақ ашылатын ақпараттың тақырыбы Кәсіпорынның өзара әрекеттестікті жүзеге асыруға уәкілетті құрылымдық бөлімшелерімен келісіле отырып анықталады. Кәсіпорынның қызметі туралы ақпаратты ашуды көздейтін шараларға қатысатын Кәсіпорынның уәкілетті өкілдері (қызметкерлердің арасынан) Кәсіпорынның абыройына жағымсыз әсер еткен, ақпараттың жұрт алдында ашылуына (сөз сөйлеулер, пікірлер, сұхбаттар, жарияланымдар және т.б.) жауапты.
- Қатысушы мен басқа да мүдделі тұлғалардың Кәсіпорын құжаттары мен қызметі туралы мәліметтерге қолжетімділігін қамтамасыз ету.
* Кәсіпорын Қазақстан Республикасының заңнамасы мен нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес Кәсіпорынның сақтауға және уәкілетті органға немесе басқа да мүдделі тұлғаларға беруге міндетті ақпараттың қол жетімділігін қамтамасыз етеді.
* Кәсіпорын/ Кәсіпорын басшысының атына жазбаша түрде құрастырылған тиісті талап көрсетілгеннен кейін, Кәсіпорын танысу үшін қажетті құжаттарды ұсынады.
* Кәсіпорын мен оның қызметі туралы ақпарат егер мұндай ақпарат мемлекеттік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын құпияны қамтитын мәліметтерге жатпайтын болса, БАҚ қатысушысы және өкілі болып табылмайтын мүдделі тұлғаларға олардың жазбаша сұрау салуы негізінде ұсынылады.
- Қорытынды ережелер
* Байқау кеңесі ақпараттық саясатты бекітеді, сондай-ақ ақпаратты ашу және қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты қорғау тәртібін айқындайды.
* Кәсіпорын басшысы Кәсіпорын қызметі туралы ақпаратты ашу мен қорғауды заңнама мен Кәсіпорын құжаттарына сәйкес жүзеге асырады.
* Байқау кеңесінің хатшысы белгіленген тәртіппен Кәсіпорынның байқау кеңесіне дер кезінде ақпарат беруді қамтамасыз етеді.
* Кәсіпорын мен оның қызметі туралы ашылатын ақпараттың толымдығы мен шынайылығына Кәсіпорын Басшылығы жауапты.
* Кәсіпорын Басшылығы ақпараттың келісілуі және ашылуы мерзімдерінің рәсімдерін, ақпараттық ресурстардың функционалдылығы мен сақталушылығын қамтамасыз етеді, сондай-ақ осы Ереженің мақсаттарына қол жеткізуді қамтамасыз етеді.