өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату тәртібі Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 113 «Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарда байқау кеңесін құру қағидаларын, байқау кеңесінің құрамына сайланатын адамдарға қойылатын талаптарды, сондай-ақ Байқау кеңесінің мүшелерін конкурстық іріктеу және олардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату қағидаларын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген.
8. Байқау кеңесінің төрағасы Байқау кеңесі мүшелерінің көпшілік даусымен Байқау кеңесі мүшелерінің арасынан сайланады.
9. Байқау кеңесінің төрағасы:
1) байқау кеңесінің жұмысын ұйымдастырады және байқау кеңесі шешімдерінің іске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады;
2) байқау кеңесі отырысының күн тәртібін қалыптастырады;
3) байқау кеңесі отырысын шақырады және отырыстарда төрағалық етеді;
4) байқау кеңесі атынан шығатын құжаттарға қол қояды;
5) байқау кеңесінің ұстанымын ұсынады және уәкілетті органының алдында байқау кеңесінің қызметі туралы, кәсіпорынның жалпы жағдайы туралы және кәсіпорынның көздеген мақсатына жетуге бағытталған қабылданған шаралар туралы есеп береді;
6) қолданыстағы заңнамамен және байқау кеңесі шешімімен анықталған басқада қызметтерді жүзеге асырады.
10. Байқау кеңесі Байқау кеңесі төрағасының орынбасарын сайлауға құқылы.
11. Байқау кеңесінің мүшелері:
1) отырыстарға қатысады;
2) өз қызметін орындауға қажетті, ШЖҚ КМК қызметі туралы толық және нақты ақпаратты алуға. ШЖҚ КМК құжаттарымен танысады, сондай-ақ құрылымдық бөлімшелер мен өңірлік филиалдар құжаттарының көшірмелерін алады;
3) мемлекеттік кәсіпорынның байқау кеңесін кезектен тыс шақырады;
4) мемлекеттік кәсіпорынның байқау кеңесінің шешіміне жазбаша түрде ескерту береді;
5)Қазақстан Республикасының заңнамасында, ШЖҚ КМК Жарғысында және осы Ережеде қарастырылған өзге де құқықтарды жүзеге асырады.
12.Байқау кеңесінің хатшысы ШЖҚ КМК қызметкері болып табылады және бақылау кеңесінің мүшесі болып табылмайды.
13. Байқау кеңесінің хатшысы:
1) байқау кеңесіне есепті;
2) байқау кеңесі төрағасының тапсырмасымен байқау кеңесінің мүшелерін байқау кеңесінің кезекті және кезектен тыс отырыстарының өтуі туралы хабардар етеді;
3) байқау кеңесінің мүшелерін және төрағасын байқау кеңесі мүшелерінің міндеттерін тиісінше орындау маңызы бар қажетті ақпараттармен және құжаттармен қамтамасыз етеді;
4) байқау кеңесіне жіберілген хат-хабарды тіркеуді жүзеге асырады, және тиісті жауаптарды дайындауды ұйымдастырады;
5) байқау кеңесі және байқау кеңесінің төрағасы берген құжаттарды ресімдейді және оларды байқау кеңесі мүшелеріне және басқа да ШЖҚ КМК басқару органдарының лауазымды тұлғаларына ұсынуды қамтамасыз етеді;
6) байқау кеңесі отырыстарының хаттамаларын жүргізеді;
7) сырттай дауыс беру арқылы байқау кеңесі қабылдаған шешімдер туралы байқау кеңесі мүшелерінің барлығын хабардар етеді;
8) байқау кеңесі мүшелеріне, күн тәртібіндегі мәселелер бойынша шешім қабылдау үшін қажетті ақпаратты уақытылы жеткізу үшін қажетті шараларды қабылдайды;
9) байқау кеңесі қызметін тіркеуді құрайды.
14. Байқау кеңесінің уәкілетті органы – Байқау кеңесі мүшелерінің қызметін бағалауды жүзеге асыратын «Павлодар облысының Денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – уәкілетті орган) болып табылады. Байқау кеңесі мүшелерінің қызметін бағалау қорытындылары бойынша уәкілетті орган Байқау кеңесінің Мүшелеріне сыйақы төлеу туралы шешім қабылдайды. ШЖҚ КМК басшысына және мемлекеттік қызметші болып табылатын Байқау кеңесінің Мүшелеріне сыйақы төленбейді.
15. Байқау кеңесі мүшелерінің қызметін бағалау және Байқау кеңесі мүшелеріне сыйақы төлеу лимитін айқындау тәртібі Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 115 «Байқау кеңесі мүшелерінің қызметін бағалау және Байқау кеңесі мүшелеріне сыйақы төлеу лимитін айқындау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес айқындалады.
16. Байқау кеңесі мүшесінің өкілеттігі Байқау кеңесі мүшесінің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы Байқау кеңесінің шешіміне сәйкес оның жазбаша өтініші негізінде мерзімінен бұрын тоқтатылуы мүмкін.
17. Байқау кеңесі мүшесінің өз дауысын Байқау кеңесінің басқа мүшесіне не басқа жеке тұлғаға (сенімхат бойынша) беруіне жол берілмейді.
18. Байқау кеңесінің әрбір мүшесінің дауыс беру кезінде бір дауысы болады. Дауыстар тең болған жағдайда Байқау кеңесі төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
19. Байқау кеңесінің шешімдері жазбаша нысанда ресімделеді және Байқау кеңесінің барлық мүшелері қол қояды.
20. Шешім қабылдау кезінде Байқау кеңесінің мүшесі Қазақстан Республикасының заңнамасын басшылыққа алуға тиіс. Байқау кеңесінің мүшелеріне шешім қабылдау кезінде жеке мүдделілікті көздеуге, сондай-ақ ШЖҚ КМК коммерциялық мүмкіндіктерін жеке мақсатта пайдалануға тыйым салынады.
2. Байқау кеңесінің өкілеттігі
21. Байқау кеңесі келесі өкілеттерге ие:
1) уәкілетті органға ШЖҚ КМК даму жоспарының жобасы бойынша, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша қорытынды береді;
2) ШЖҚ КМК даму жоспарының орындалуы туралы есептің жобасын келіседі, алдын ала жылдық қаржылық есепті бекітеді;
3) демеушілік және қайырымдылық көмектер мен қосымша көздерден алынған қаражатты, оның ішінде ШЖҚ КМК иелігінде қалған таза табыстың бір бөлігін бөлу туралы шешім қабылдайды;
4) бюджет қаражаты мен қосымша көздерден алынған қаражаттың нысаналы пайдаланылуын бақылау үшін ШЖҚ КМК және оның құрылымдық бөлімшелерінің құжаттамасымен кедергісіз танысады және уәкілетті органға аталған қаражаттарды мақсатты пайдалануын тексеру үшін ұсыныс енгізеді;
5) ШЖҚ КМК басшысын тағайындау және онымен еңбек шартын бұзу мәселелері бойынша уәкілетті органның (жергілікті атқарушы органға) ұсыныстарын келіседі;
6) ұжымдық шартты әзірлеуге қатысады және қосымша қаржы көздерінен, ШЖҚ КМК даму жоспарында бекітілген қаражат шегінде ШЖҚ КМК қызметкерлерінің, басшысының, оның орынбасарларының, бас бухгалтерлерінің лауазымдық жалақыларына үстемеақы белгілеу, сыйлықақы беру және материалдық көмек көрсету бөлігінде шешімдер қабылдайды;
7) байқау кеңесінің хатшысын тағайындайды, оның өкілеттік мерзімін және жалақысының мөлшерін айқындайды, оның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатады;
8) уәкілетті органға ШЖҚ КМК жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныстар енгізеді;
9) ШЖҚ КМК қызметінің басым бағыттары бойынша ұсыныстарды әзірлейді;
10) уәкілетті органға мемлекеттік кәсіпорынның басқа заңды тұлғаларға қатысуы туралы ұсыныстар енгізеді;
11) уәкілетті органға мемлекеттік кәсіпорынның филиалдарын, өкілдіктерін құру және жабу туралы ұсыныстар енгізеді.
3. Байқау кеңесінің мүшелеріне ақпаратты ұсыну тәртібі
22. Байқау кеңесі мүшелерінің талаптары бойынша ШЖҚ КМК құрылымдық бөлімшелері байқау кеңесінің құзыретіне жататын, мәселелер бойынша ақпаратты ұсынады.
23. Ақпаратты ұсыну туралы талап ШЖҚ КМК басшысына ШЖҚ КМК орналасу орны бойынша сәйкес жазбаша хабарлама жіберу арқылы ұсынылады. Жазбаша хабарлама талап етілетін ақпарат немесе талап етілетін құжатқа сілтемені құрау керек.
24. ШЖҚ КМК басшысы байқау кеңесі мүшелерінің тізімінде көрсетілген мекенжай бойынша сұралған ақпарат пен құжаттарды егер сұралған ақпарат құпия болып табылмаса, байқау кеңесінің мүшесіне үш жұмыс күнінен кем емес мерзімде береді.
25. Құпия сипаттағы бухгалтерлік және басқа да ақпаратпен ШЖҚ КМК атқарушы органын бес жұмыс күн бұрын жазбаша хабарлағаннан соң, байқау кеңесінің мүшесі ШЖҚ КМК орналасқан орны бойынша танысуға құқылы.
4. Байқау кеңесі мүшелерінің жауапкершілігі
26. Байқау кеңесінің мүшелері ШЖҚ КМК-ның және уәкілетті органның (жергілікті атқарушы органның) алдында ШЖҚ КМК-ның шығындарына әкеп соққан зиян үшін, олардың әрекеттерімен (әрекетсіздігімен) келтірілген зиян үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болады.
27. Байқау кеңесінің төрағасы Байқау кеңесі отырыстарының хаттамалары мен материалдарындағы ақпараттың толықтығы мен дұрыстығына жауапты болады. Көрінеу жалған және анық емес ақпарат берілген жағдайда Байқау кеңесінің төрағасы тәртіптік жауапкершілікке тартылады.
28. Бақылау кеңесінің мүшелері, егер Бақылау кеңесі қабылдаған, ШЖҚ КМК-ның шығынына әкеп соқтырған шешімге қарсы дауыс берген немесе дауыс беруге қатыспаған жағдайда жауапкершіліктен босатылады.
5. Қорытынды ережелер
29. Байқау кеңесі өз қызметін мынадай негіздер бойынша тоқтатады:
1) ол құрылған ШЖҚ КМК қызметін тоқтатқан күннен бастап;
2) жергілікті атқарушы орган шешім қабылдаған жағдайда;
3) олар құрылатын ШЖҚ КМК-ға қойылатын критерийлерге сәйкес келмеген жағдайда.
30. Жаңа ШЖҚ КМК құрылғаннан кейін екі айдан кешіктірмей оның жанында осы Ережеге сәйкес байқау кеңесі құрылады.