Казбеков Байбллат Казбекұлы
                                «Май орталық аудандық ауруханасы» КМҚК бас дәрігері
1960 жылы 27 сәуірде Павлодар облысы Май ауданы майтүбек ауылында туған. 1983 жылы «Емдеу ісі» мамандығы бойынша Семей мемлекеттік медициналық институтын бітірді. Институты бітіргеннен кейін Павлодар қаласының №1 қалалық ауруханасы базасында интернатурадан өтті.
1983-1988 жылдары Май орталық аудандық ауруханада хирург болып қызмет жасады. 1988-1991 жылдар аралығында «Строитель» медсанчаста хирург болып жұмыс жасады. 1991-1993 жылдары Алматы қаласында Кл және ЭХ ғлыми зерттеу институтында клиникалық ординатурадан өтті. 1998-2000 жылдар аралығында Султанов атындағы облыстық ауруханасының емханасысы бойынша ба дәрігердің орынбасары лауазымында қызмет етті.
2000 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «Май орталық аудандық аурухана КМК ШЖҚ» бас дәрігері.
Негізгі квалификациясы- хирург- дәрігер, хирургия және денсаулық сақтауды ұйымдастыру бойынша жоғары квалификациялық санаты бар, медицина ғылымының кандидаты. Хирургия бойынша ашқан жаңалықтары және ғылыми еңбектері бар. Білімін үнемі жетілдіріп тұрады, теоретикалық білім мен практикалық дағдысы бар.
Еңселі еңбегі үшін алғыс хаттар мен мақтау қағаздарымен марапатталды. 2005 жылы «ҚР Конституциясына – 10 жыл» мерекелік медалімен, 2014 жылы «Невада- Семей Антиядролық қозғалысына 25 жыл» мерекелік медалімен наградтталды.
Кабылтаев Садибек Жанбиртаевич
                                ШЖҚ «Екібастұз қаласының №2 емханасы» КМК бас дәрігері
1964 жылы 28 қаңтарда Павлодар облысы Екібастұз ауданы Ақкөл ауылында дүниеге келген. Ұлты қазақ, білімі жоғары.
1980 жылы Павлодар қаласының мектеп интернатының 10 классын аяқтады және сол жылы Семей медициналық институтына түсіп, оны 1986 жылы «Емдеу ісі» мамандығы бойынша тәмамдады. 1986 мен 1987 жылдар аралығында Екібастұз қаласының орталық қалалық ауруханасы базасында интернатурадан өткеннен кейін осы ауруханаға травмпункт травматолог дәрігері болып жұмысқа қабылданды.
1988 жылғы қаңтар айы мен 1998 жылғы маусым айы аралығында Екібастұз қ. қалалық ауруханасының балалар хирургиялық бөлімшесінде хирург дәрігері болып еңбек етті.
1998 жылғы маусым айы мен 2007 жылғы мамыр айы аралығында Екібастұз қ. № 2 емханасы бас дәрігері лауазымын атқарды; 2007 жылғы мамыр айынан бастап 2014 жылғы қараша айына дейін Екібастұз қ. №1 емханасы бас дәрігері лауазымына ауыстырылды; 2014 жылғы 17 қарашадан бастап Екібастұз қ. №2 емханасы бас дәрігері лауазымына тағайындалды.
2015 жылы академик Қ.Сәтпаев атындағы Екібастұз инженерлік-техникалық институтын «Менеджмент» мамандығы бойынша аяқтады.
Ақырғы бес жыл ішінде келесі циклдар бойынша біліктілігін жоғарылатты:
2017 жылғы 29 мамыр мен 02 маусым аралығында – «Нысанның кешенді қауіпсіздігі» «ҚазМЗУ Университеті» АҚ-да
2016 жылғы 01.09. бен 2016 жылғы 29.09. аралығында — «Денсаулық сақтау менеджменті» 216 сағ. ПФ ММУ Семей қ.
2016 жылғы 04.28. мен 04.30. аралығында «ҚР еңбек заңнамаларының өзекті мәселелері» 18 сағ. Астана Өрлеу
2014ж.02.12. мен 2014ж.12.12. аралығында «Денсаулық сақтау мекемелерінің ТЖ дайындығы және тәуекелдерді басқару» ҚазМУНО 108 сағ.
2014ж.10.20.мен 2014ж.10.24. аралығында «Жан басына шаққандағы кешенді норматив бойынша қаржыландыру жағдайында амбулаториялық-емханалық ұйымды басқару ерекшеліктері » АГИУВ филиалы, Астана қаласы 54 сағ.
2013ж.09.02 мен 2013ж.12. аралығында «Денсаулық сақтау менеджменті» қайта даярлықтан өтті 864 сағ. ПФ ММУ Семей қ.
2012ж.09.03 пен 2012ж.12.21.аралығында «Қоғамдық денсаулық сақтау/ Әлеуметтік гигиена және денсаулық сақтау ұйымы»- қайта даярлықтан өтті 864 сағ. РМК «ДДРО» Астана қ.
Адал еңбегі үшін грамоталар мен алғыс хаттармен марапатталды.
Касенова Әсем Төлегенқызы
                                «Павлодар облыстық паллиативтік көмек ауруханасы» КМҚК бас дәрігері
Асем Толенгенқызы Касенова 13 тамызда 1974 жылы мұғалімдер отбасында дүниеге келді, тұрмыста, екі қыз тәрбиелеп отыр. 1994ж.-2000 ж. Ақмола мемлекеттік академиясы, мамандығы бойынша дәрігер-педиатр, жалпы практиканы бітірді. 2001 ж. — 2002 ж. дәрігер КМҚК «Ертіс ауылындағы дәрігерлік амбулаториясы» жұмысын атқарды, 2002ж-2006ж. «Солярис» Хосписта дәрігер мамандығы болып жұмыс істеді, 2006-2008ж.ж. Павлодар қ., дәрігер бактериолог ММ «Облыстық туберкулезге қарсы диспансерде» жұмыс атқарды. 2009-2014ж.ж. Павлодар қ., СЭОО «Солярис» директор болып қызмет атқарды,»КМҚК Павлодар облысының паллиативтік көмек» ауруханасында 2016 жылдан бастан бас дәрігер қызметтің атқарады
Гульназ Макановна Каирбаеваның
                                «Павлодар ауданының емханасы» КМҚК бас дәрігері
1973 жылы туған, ұлты: қазақ,
Білімі – жоғары
Мамандығы – емдеу ісі
1991-1997ж.ж. Семей қаласының мемлекеттік медициналық академиясы, емдеу факультеті (ЖБ-0015948 үздік диплом)
2004-2006ж.ж. Инновациялық Еуразия университеті, экономика факультеті Павлодар қаласы (ЖББ-0020383 үздік диплом)
2016-2017ж.ж. Инновациялық Еуразия университеті, Менеджмент және бизнес факультеті, Павлодар қаласы. Экономика және бизнес магистрі (Диплом ЖООК-М-0129781)
Г.М. Каирбаева 1997 жылы Семей мемлекеттік медициналық институтын бітіргеннен кейін, еңбек қызметін Павлодар қаласының жедел жәрдем станция дәрігері лауазымынан бастады.
2003-2008 ж.ж. КМҚК «Павлодар қаласының № 1 қалалық ауруханасы» қабылдау бөлімінің терапевт дәрігері;
2008 ж. — КМҚК «Павлодар қаласының № 1 қалалық ауруханасы» қабылдау бөлімінің меңгерушісі;
2008-2010 ж.ж. — КМҚК «Павлодар қаласы № 3 емханасы» бас дәрігерінің емдеу — сауықтыру жұмысы бойынша орынбасары;
2010-2014 ж.ж. — КМҚК «Павлодар қаласы № 1 емханасы» бас дәрігерінің емдеу — сауықтыру жұмысы бойынша орынбасары;
05.01.-09.02.2015 ж. – КМҚК «Павлодар ауданының емханасы» бас дәрігерінің міндетін атқарушы;
09.02.2015 ж.- КМҚК «Павлодар ауданының емханасы» бас дәрігері;
2006 жылы Инновациялық Еуразия университетінің «Экономика» мамандығын тәмамдады.
«Қоғамдық денсаулық сақтау. Әлеуметтік гигиена және денсаулық сақтаудың ұйымдастырушысы» мамандығы бойынша 1 біліктілік санаты бар.
Адал еңбегі үшін алғыс хаттары мен мадақтамалары бар:
Аудандық мәслихат депутаты.
Жаннат Мұсаұлы Тентекпаев
                                «Павлодар облыстық ЖҚТБ-ның алдын алу мен оған қарсы күрес орталығы» ММ директоры
«Павлодар облыстық ЖИТС-тың алдын алу және күресу жөніндегі орталығы» КМҚК директоры.
1967 жылғы 12 мамырда Ақмола облысының, Жақсын ауданы, Қийма ауылында дүниеге келді.
Білімі: жоғары
-1984 — 1986 жж. — Семей мемлекеттік медициналық институты.
-1988 -1992 жж. — Қарағанды мемлекеттік медициналық институты (емдеу ісі)
-2009 — 2012 жж. — Павлодар мемлекеттік университеті (экономика факультеті)
Еңбек өтілі:
— 1989 ж. — Екібастұз орталық қалалық ауруханасы, медициналық аға;
— 1993 — 1999 жж. — Ғ.Сұлтанов атындағы облыстық клникалық ауруханасы травматолог- ортопед дәрігері;
— 1999 — 2002 жж. — Ғ.Сұлтанов атындағы облыстық клникалық ауруханасы нейрохирург-дәрігер;
— 2002 — 2005 жж. — Ғ.Сұлтанов атындағы облыстық клникалық ауруханасы травматолог — ортопед;
— 2005 — 2009 жж. — Ғ.Сұлтанов атындағы облыстық клникалық ауруханасы- шұғыл және жоспарлық консультациялық көмек бөлімінің меңгерушісі;
— 2009 — 2010 жж. — Баянауыл орталық аудандық ауруханасы- бас дәрігердің м.а.;
— 2011 — 2012 жж. — Ғ.Сұлтанов атындағы облыстық клникалық ауруханасы- бас дәрігердің медициналық қызмет, АҚ және ТЖ жөніндегі орынбасары;
— 2012 ж.ақпан — Ақтоғай орталық аудандық ауруханасы- бас дәрігердің м.а.
— 2012 жылғы наурыздан бастап 2015 жылғы сәуірге дейін -№1 емхананың бас дәрігері;
-2015 жылғы сәуірден бастап қазіргі уақытқа дейін — « Павлодар облыстық ЖИТС-тың алдын алу және күресу жөніндегі орталығы» КМҚК директоры.
Жалпы еңбек өтілі :24жыл 02ай.
Қосымша білімі:
30.09.2011 — 29.12.2011 ж. — СММА Павлодар филиалы, «Денсаулық сақтаудағы менеджмент» біліктілігін арттыру.
05.05.2012 — 02.06.2012 ж. – СММА Павлодар филиалы, «Денсаулық сақтауды басқарудың заманауи мәселелері» біліктілікті арттыру айналымы;
24.09.2012 — 28.09.2012 ж. — Астана қ. ДСДРО «ШЖҚ мемлекеттік медициналық ұйымдардың операциялық менеджементі» біліктілікті арттыру айналымы;
Құсаинова Риза Ниғманқызы
                                ШЖҚ «Ертіс орталық аудандық ауруханасы» КМК бас дәрігері
1961 жылғы 28 мамырында Новосібір облысы, Чановский ауданы, Чаны станциясында дүниеге келді.
1968 жылы Ертіс № 3 орта мектебіне оқуға түсті, ал 1978 жылы бітірдім.
1979 жылы Семей мемлекеттік университетінің педиатрия факультетіне түсті.
1990 жылдан бастап 1991 жылға дейін Семей қаласында интернатура.
1991 жылдан бастап Ертіс аудандық аурухананың учаскелік педиатры болып жұмыс істеді,
1993 жылы аудандық педиатры болып тағайындалды,
осы лауазымда 1999 жылға дейін қызмет атқарды.
1999 жылдың қараша айында Ертіс аудандық аурухананың аудандық денсаулық сақтау бөлімінің бас маманы ретінде ауыстырылды.
2003 жылдан бастап инфекционист дәрігері ретінде қызмет атқарды, 2012 жылдың қарашасында Ертіс орталық аудандық аурухананың бас дәрігердің емдеу жұмысы бойынша орынбасары болып тағайындалды.
2014 жылдың қыркүйегінен бастап ШЖҚ «Ертіс ОАА» КМК бас дәрігерінің міндетін атқарды.
2015 жылдың ақпан айында ШЖҚ «Ертіс ОАА» КМК бас дәрігері болып тағайындалды.
Ертіс ОАА бүкіл еңбек жолында бірнеше рет, Ертіс ауданы әкімінің көпжылдық, жемісті және адал еңбегі үшін мақтау қағазымен марапатталды, Павлодар облысы әкімінің Павлодар облысының 75 жылдығына орай мерейтойлық медалімен марапатталды, 2016 жылы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдық медалімен марапатталды.
Дәулетбек Серікұлы Мусин
                                «Павлодар облыстық туберкулезге қарсы диспансері» КМҚК бас дәрігері
Дәулетбек Серікұлы Мусин, 1971ж. 16 қыркүйекте Павлодар облысы, Баянаул ауылында дүниеге келді.
1997 жылы Семей мемлекеттік медициналық институтының емдеу факультетін, “Емдеу ісі” мамандығы бойынша, 2006 жылы — Алматы экономика және статистика академиясын, есептеу және аудит бакалавры, 2016 жылы Инновациялық Еуразиялық университетін магистратураны бітірді.
Еңбек жолымды 1997 жылы Сұлтанов ат. Облыстық ауруханада невропатолог дәрігері ретінде бастады, 2003жылы Сұлтанов ат. Облыстық аурухананың шұғыл жоспарлы-консультативтік көмек (санитарлық авиация) бөлімшесінің меңгерушісі болып, 2005жылға дейін қызмет етті.
2005 жылы Ақмола облыстық психоневрологиялық диспансері бас дәрігерінің емдеу бойынша орынбасары болып тағайындалды.
2006 жылдан 2007 жылға дейін Павлодар қаласының №2емханасында невропатолог дәрігері болып жұмыс істеді.
2007 жылдан 2010жылға дейін Павлодар облысының денсаулық сақтау департаментінің емдеу — алдын алу жұмысын үйлестіру және тұрғындардың репродуктивті денсаулығын қорғау бөлімінің бастығы болды.
2010 жылы «Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ басшысының емдеу — алдын алу бойынша орынбасары болып тағайындалды.
2012 жылғы 25 қазаннан бастап қазіргі кезге дейін «Павлодар облыстық туберкулезге қарсы диспансері» КМҚК бас дәрігері.
«Әлеуметтік гигиена және денсаулық сақтауды ұйымдастыру» мамандығы бойынша бірінші санаттағы сертификатым бар, фтизиатр дәрігері.
Үнемі кәсіби деңгейі мен білімімді жетілдіріп отырады. Жұмысында инновациялық технологияларды енгізіп, әріптестеріммен, жас мамандармен тәжірибесімен бөліседі.
Павлодар облысы әкімінің алғыс хаттарымен және Құрмет грамоталарымен, «Асар» РСП ҚБ «Нұр Отан» ХДП марапатталды7
2015 жылы Қазақстан Республикасында тұрғындардың денсаулығын қорғау ісінде ерекше қызмет үшін «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен марапатталды.
Ұзақ уақыттан бері газеттермен жұмыс істеді: «Звезда прииртышья», «Сарыарқа самалы», олардың беттерінде мақалалары жазылды: «Клапаны здоровья» (маусым 2014 ж.), «Анализ причин развития распространения туберкулеза» (тамыз 2014 ж.), «Сенің денсаулығың-сенің қолыңда» (наурыз 2015 ж.).
Теледидарлық хабарларда «Ирбис» ТК, «Қазақстан — Павлодар», «Хабар», «24 КZ», келесі тақырыптармен белсенді қатысты: «Туберкулезді емдеудің жаңа әдістерін үйрену» (04.08.14 ж.), «Фтизиатриялық қызметтің құрылымын өзгерту туралы» (22.04.14 ж.), «Облыстық ОТҚД жаңа жабдық» (22.05.2015 ж.), «Туберкулездің алдын алу шаралары» (11.02.14ж.), «Туберкулезді емдеудің инновациялық технологиялары» (22.05.15 ж.)
Мукашев Максат Токмухамбетович
                                ШЖҚ «Ақсу орталық ауруханасы»КМК-ның директоры
Павлодар облысы Май ауданы Май ауылында 1963 жылы 02 қазанда туған.
Семей мемлекеттік медициналық институтын «Емдеу ісі» мамандығы бойынша бітірді.
Институтты аяқтаған соң 1984 жылы травматология бойынша Павлодар қ. Сұлтанов ат. Облыстық аурухана базасында интернатурадан өтті.
1985 жылғы 07 тамыздан бастап Ермак орталық қалалық аурханасының травматология бөлімшесіне травматолог дәрігер ретінде қабылданды.
1994 жылғы 01 қарашадан бастап травматология бөлімшесінің ординатор аға дәрігері қызметіне ауыстырылды.
2004 жылғы 16 тамыздан бастап Ақсу орталық ауруханнасының травматология бөлімшесінің меңгерушісі қызметіне тағайындалды.
2007 жылдан бастап 2010 жыл аралығында Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс бас травматологы.
2009 жылдың 30 наурызынан бастап Ақсу орталық ауруханасының бас дәрігері.
2010 жылдың 11 наурызынан Ақсу орталық ауруханасыныңтравматология бөлімшесінің меңгерушісі қызметіне қабылданды.
2011 жылдың 04 мамырынан бастап «Евразия» МО клиникалық жұмыс жөніндегі директордың орынбасары.
2013 жылдың 20 наурызынан бастап ШЖҚ «Ақсу қаласының емханасы»КМК – ның бас дәрігері.
2013 жылдың 31 қазанынан бастап ШЖҚ «Ақсу орталық ауруханасы»КМК-ның бас дәрігері.
2015 жылдан бастап ШЖҚ «Ақсу орталық ауруханасы»КМК-ның директоры.
Травматолог-ортопед дәрігері жоғары санаты бар.
Марапатталған: Қаазақстан Конституциясының 10-жылдығына мерекелік медаль,2005ж., «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі»
төсбелгісі,2007ж., 2001ж. Ақсу қаласының 50-жылдығына мерекелік медаль, «Қалаға сіңірген еңбегі үшін»төсбелгісі,2011ж., ҚР Тәуелсіздігінің 20-жылдығына мерекелік медаль,2011ж.Павлодар облысының 75-жылдығы құрметіне мерекелік медаль,2012ж.
Ақсу қалалық мәслихат депутаты.
Үйленген, екі бала тәрбиелеп отыр.
Айгүл Тұрсынқызы Оспанова
                                «Павлодар облысының балалар туберкулезге қарсы санаторийі» КМҚК бас дәрігері
Айгүл Тұрсынқызы Оспанова Павлодар облысы Баянауыл ауданы Алексеевка ауылында дүниеге келген, осы ауылдың орта жалпы білім беру мектебінде 1972 жылдан 1987 жылға дейін білім алды.
1982 жылы Қарағанды мемлекеттік медициналық институтына түсіп, 1988 жылы педиатрия мамандығы бойынша білім алып шықты.
2016 жылы Инновациялық Евразия университетінің «Менеджмент» мамандығы бойынша бітірді, Экономика және бизнес магистрі дәрежесі берілді.
1988 жылддың 1 тамызынан 1992 жылдың 16 наурызына дейін, педиатрия мамандығы бойынша интернатурадан кейін, № 1 балалар емханасында педиатр дәрігері болып істеді.
1992 жылдың 16 наурызынан бастап 1994 жылдың 31 қаңтарына дейін 1-інші қалалық аурухананың нәрестелер бөлімшесінде неонатолог дәрігері болып жұмыс істеді.
1994 жылдың 31 қаңтарынан 1997 жылдың 20 қаңтарына дейін қалалық перзентханада нәрестелер бөлімшесінің меңгерушісі қызметін атқарды.
1997 жылдың 20 қаңтарынан 1998 жылдың 1 маусымына дейін Павлодар қаласының облыстық перзентхананың неонатолог дәрігері болды.
1998 жылдың 20 маусымынан 2002 жылдың 1 ақпанына дейін «Павлодар қалалсының туберкулезге қарсы балалар санаторийі» мемлекеттік мекемесінде ординатор дәрігері болып қызмет жасады.
2006 жылдың 5 шілдесінен 2009 жылдың 1 ақпанына дейін «Павлодар қаласының туберкулезге қарсы балалар санаторийі» мемлекеттік мекемесінің мектеп бөлімінің меңгерушісі болып істеді.
2009 жылдың 2 қыркүйегінен 2010 жылдың 10 наурызына дейін «Павлодар қаласының туберкулезге қарсы санаторийі» мемлекеттік мекемесінің бас дәрігері міндеттерін атқарды.
2010 жылдың 10 наурызынан 14 сәуіріне дейін «Павлодар қалалық балаларды оңалту орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының бас дәрігері міндеттерін атқарды. Өткізілген конкурс нәтижесінде, Павлолдар облысы денсаулық сақтау басқармасының № 42-ж бұйрығымен 2010 жылдың 14 сәуірінен бастап «Павлодар қалалық балаларды оңалту орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының бас дәрігері лауазымына тағайындалды.
2013 жыдың 25 маусымнан 23 қыркүйекке дейін «Павлодар қаласының туберкулезге қарсы балалар санаторийі» мемлекеттік мекемесінің бас дәрігері міндеттерін атқарды. Павлодар облысы әкімдігінің 2013 жылғы 7 тамыздағы №285/9 Қаулысы негізінде мекеме атауы «Павлодар облысының туберкулезге қарсы балалар санаторийі» мемлекеттік мекемесі болып қайта аталды, осыған орай мемлекеттік мекеме бас дәрігерінің міндетін атқарушысы болып қайта тағайындалды.
2013 жылғы 27 желтоқсаннан бастап қазіргі уақытқа дейін «Павлодар облысының туберкулезге қарсы балалар санаторийі» мемлекеттік мекемесінің бас дәрігері болып қызмет етеді, денсаулық сақтауды ұйымдастырушы дәрігерінің 1 санаты және балалар фтизиатры дәрігерінің біліктілік санатынсыз маман сертификатын бар. Денсаулық саласындағы еңбенк өтілі 29 жыл.
Нүрсеитов Ерболат Нүрсеитұлы
                                «Павлодар облыстық мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды оңалту орталығы» ККМ бас дәрігері
1968 жылы 04 желтоқсанда Май ауданы Май ауылында дүниеге келді .
Білімі жоғары.
1996 жылы Семей Мемлекеттік медициналық институті, «Емдеу ісі» мамандығын тәмәмдаған.
Еңбек жолын 1996-2001 ж.ж. Ақсу аудандық орталық ауруханада анестизиолог-реаниматолог дәрігері болып жұмыс істеді. 2001-2015 ж.ж анестизиолог-реаниматолог дәрігері, Май аудандық орталық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары. 2015-2016 ж.ж ШЖҚ «Ақсу аудандық аурухана» КМК стационарының бас дәрігері. 2016 жылы «Павлодар облыстық мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды оңалту орталығы» ККМ бас дәрігері болып тағайындалды.
Жұмыста жеткен жетістіктері үшін «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» медалімен, сондай-ақ облыс әкімінің және Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасы, Май ауданы әкімінің грамоталарымен марапатталды.
ОТАРБЕКОВ АРМАН ТӨЛЕУСАҒИҰЛЫ
                                ШЖҚ «Павлодар қаласының №4 емханасы» КМК бас дәрігері
1967 жылы 19 шілдеде туған, білімі жоғары, 1992 жылы Семей мемлекеттік медициналык институтын емдеу дәрігері біліктілігі берілумен емдеу ісі мамандығы бойынша бітірді.
1992 жылдан бастап 1993 жылға дейін №1 Павлодар қаласының ауруханасында урология бойынша интернатурадан өтті.
Интернатураны аяқтаған соң, 1992 жылдан бастап 2002 жылға дейін №1 Павлодар қаласының ауруханасының урологиялық бөлімшесінің дәрігері болып жұмыс істеді.
2001-2014 жылдар аралығында «Апатты медицина теміржол госпиталы» АҚ филиалының Көкшетау теміржол ауруханасының директоры лауазымын атқарды.
2014 жылғы қарашадан бастап ШЖҚ «Павлодар қаласының №4 емханасы» КМК-ның бас дәрігері лауазымына тағайындалды.
Медицина саласындағы жалпы еңбек өтілім 25 жылды құрайды.
2006 жылы Алматы экономика және статистика академиясын бітіргеннен кейін Менеджмент бакалавры біліктілігі және академиялық дәрежесі берілді.
2016 жылы Экономика және бизнес магистрі дәрежесі берілді.
2012 жылы «Денсаулық сактау ұйымы және әлеуметтік гигиена» мамандығы бойынша жоғарғы біліктілік санаты берілді.
2014 жылғы 21 ақпаннан бастап денсаулық сақтау ұйымдарының тәуелсіз сарапшысы болып табылады.
«Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісі (2008 жылы), Қызыл Жартыай Қоғамының 70-жылдығына Құрмет грамотасы, Ақмола жол бөлімшесі «ҚТЖ» АҚ филиалының алғыс хаты (2010), «Отандык темір жол көлігіндегі қол жеткізген жетістіктері үшін» Құрмет грамотасы (2011), «ЖГМК» АҚ-нан Тәуелсіздік Күніне Құрмет грамотасы (2011), «Төтенше жағдайлар жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісі (2012), «Нұр Отан» ХДП АОФ-ның алғыс хаты (2012) марапатталды.
Сейітқазинова Гүлнар Кенжетайқызы
                                ШЖҚ «Павлодар медициналық жоғары колледжі» КМК директоры
1963 жылы Павлодар облысының Баянауыл ауданы, Баянауыл селосында дүниеге келген. Білімі жоғары, Семей мемлекеттік медициналық институтын, «Педиатрия» мамандығы бойынша бітірген.
Өзінің еңбек жолын Павлодар қаласының №1 қалалық ауруханасының балалар поликлиникасында учаскелік дәрігер-педиатр қызметінде бастады.
1987 жыл мен 2002 жыл аралығында облыстың балалар қауымына стационарлық және амбулаториялық аллергиялық көмек көрсете отырып, педиатр-аллерголог болып істеді.
2002 жыл мен 2006 жыл аралығында-Павлодар облысы Денсаулық сақтау басқармасының бас педиатры, ал 2007 жылы алғаш құрылған медико-санитарлық көмек бөлімінің бас маманы лауазымына ауыстырылады, амбулаториялық педиатрия және инновациялық технологияларға жетекшілік жасайды.
2008 жылғы мамыр айынан 2013 жылғы мамыр айына дейін «Павлодар медициналық ақпараттық-аналитикалық орталығы» КММ директоры, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «Республикалық ақпараттық- талдау орталығы» ШЖҚ-ғы РММ Медициналық-экономикалық талдау, сараптама және госпитальдау басқармасының бастығы (Астана қ.), ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «Денсаулық сақтаудың инвестициялық жобаларын басқару орталығы» ЖШС Инвестициялық жобаларды жоспарлау, бағалау және мониторингі Басқармасының жоспарлау- экономикалық бөлімінің бастығы (Астана қ.), ҚР ДСМ «Республикалық денсаулық сақтауды дамыту орталығы» РМК Медициналық көмекті ұйымдастыруды жетілдіру департаменті директорының орынбасары (Астана қ.)., ҚР ДСМ Медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің Ана мен баланы қорғау басқармасында бас сарапшы/бас педиатры., ҚР ДСМ бас педиатры қызметін атқара жүріп, педиатрлық қызметке басшылық жасап, балалар кардиохирургиясын, балалар онкологиясын, балалар сурдологиясын, жаңа туған балалар ретинопатиясы мен мектеп медицинасы дамыту эәне жетілдіру жөніндегі нормативтік-құқықтық актілер жасау ісіне өзінің тікелей үлесін қосты. ҚР ДСМ РДСДО Медициналық-экономикалық талдау, сараптама және госпитальдау басқармасының басшысы ретінде Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласына Бірыңғай ұлттық жүйені қолдану бастауларында тұрды.
2013 жылғы қыркүйек айынан бастап 2016 жылғы қаңтарға дейін «Павлодар қалалық балаларды оңалту орталығы» ШЖҚ-ғы КМК бас дәрігері (Павлодар қ.)
2016 жылғы ақпан айынан бастап қазіргі уақытқа дейі Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс балалар Бас реабитологы.
2016 жылғы ақпан айынан бастап қазіргі уақытқа дейін ШЖҚ «Павлодар медициналық жоғары колледжі» КМК директоры.
Денсаулық сақтауды ұйымдастырушысының жоғары санаты, ұстаздың жоғары біліктілік санаты, дәрігер-аллергологтың, дәрігер-реабитологтың сертификаттары бар.
2006 жылы 2-ші жоғары оқу орынын бітіріп, Инновациялық Еуразиялық Университеттің жергілікті және мемлекеттік басқару бакалаврының үздіктік дипломын алды.
«Менеджмент» мамандығы бойынша экономика және бизнес магистрі, ҚР БжҒМ ғылыми және педагогикалық қызметпен айналысуға құқық беретін Куәлігі бар. «Нұр Отан» партиясының мүшесі.
Денсаулық сақтау саласының жоғары білікті маманы бола жүріп, білім беру қызметін көрсету саласында қызметін жүзеге асыруда. Шығармашылықпен істейтін, ұжымын бірыңғай пікірлестер командасына топтастыра білетін іскер басшы. Ұйымдастырушылық қабілеті мен келешекке жұмыс жасаудың коммуникативтік дағдылары мен біліктері зор.
        	
                
@depzdrav_pavlodar
whatsapp руководителя