|
|
Нысаның БҚСЖ бойынша коды Код по ОКУД________________ ҚҰЖЖ бойынша коды Код организации по ОКПО |
«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрлігі тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің Павлодар облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті» РММ |
|
ҚазақстанРеспубликасыҰлттық экономика министрінің 2015 жылғы "30" мамырдағы № 415 бұйрығымен Бекітілген № 015/е нысандымедициналыққұжаттама |
РГУ «Департамент контроля качества и безопасности товаров и услуг Павлодарской областиКомитетаконтроля качества и безопасности товаров и услуг Министерства здравоохранения Республики Казахстан» |
Медицинская документация Форма № 015/у Утверждена приказом Министра национальной экономики Республики Казахстан от "30" мая 2015 года № 415 |
Павлодар облысы аумағында шектеулі карантиндік шаралар
мен оларды кезең-кезеңімен жеңілдету туралы
№12 ҚАУЛЫСЫ
2020 жылғы«26» қазан Павлодар қаласы
Мен, Павлодар облысы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің орынбасары, Замзагүл Сапарғалиқызы Дощанова, Павлодар облысы тұрғындарының арасында COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» № 360-VI ҚРЗ Кодексінің 38-бабына, 104-бабы, 2-тармағының 3)-тармақшасына, ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 23 қазандағы «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» № 57Қаулысына, ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 23 қазандағы «Карантиндік шектеу шаралары және оларды кезең-кезеңмен жеңілдету туралы»№ 58 Қаулысына сәйкес COVID-19-беннауқастанған адамдарды емдеуге арналған инфекциялық стационарлардағы төсек-орын қорының қамтылу пайызының (ТҚП)есептік өлшемшарттарының негізінде – 7,4, облыс бойынша инфекцияның - 1,1 R репродуктивтілігі мәнінің негізінде, Павлодар облысында коронавирустық инфекция бойынша санитариялық-эпидемиологиялық жағдай туралы жедел мәліметтерді қарап, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1.Павлодар облысының әкімдігі, облыс қала мен аудан әкімдері, мемлекеттік орган, ұйым, кәсіпкерлік субъектілерінің, заңды тұлға басшылары:
1)қалааралық, ауданаралық автобус, шағын автобус жолаушылар тасымалының жаңартылуын;
2)жабық үй-жайларда, сондай-ақ, ашық орындарда ойын-сауық, спорттық, отбасылық, салтанатты (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, ас беру және басқа іс-шаралар)іс-шаралардың және адамдар жаппай жиналатын басқа да іс-шаралардың (митингілер, шерулер, жиналыстар, көрсетілімдер)өткізілуіне тыйым салуды;
3)ойын-сауық мекемелерінің (караоке, бильярд, қорқор бөлмелері, компьютер клубтары, ойын клубтары, букмекер кеңселері, лото терминалдары бар объектілер, түнгі клубтар, боулинг орталықтары, кино-театрлар, батуттар мен балалар және ересектерге арналған өзге де ойын-сауық орындары)қызметіне тыйым салуды;
4)кезекші топтарды қоспағанда, мектепке дейінгі балалар мекемелерінің қызметіне тыйым салуды. Мектепке дейінгі балалар мекемелерінің кезекші топтарының қызметіне 15 адамнан аспайтын топтардың жинақталуы сақталған, ҚР БМСД №57 қаулысының талаптары сақталған жағдайда жол беріледі;
5)фудкорттардың, банкет залдарының қызметіне тыйым салуды;
6)спортшылардың Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде оқу-жаттығу жиындары мен жарыстарға қатысуы үшін шығуына тыйым салуды;
7)мәдениет объектілерінің (30 адамнан аспайтын жеке, топтық дайындықтар),кітапханалардың, музейлердің қызметіне рұқсат беруді;
8)ҚР БМСД № 57 қаулысының талаптарын сақтай отыра және ұжымдық іс-шаралар өткізбей, діни объектілердің (мешіттер, шіркеулер, соборлар, синагогалар және т. б.)қызметіне рұқсат беруді;
9)ҚР БМСД № 57 қаулысының талаптарын орындай отыра, толымдылығын қуатынан 20%-дан асырмай, сағат 22:00-ге дейінгіжұмыс тәртібімен, күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отыра, сауда орталықтарының (ойын-сауық орталықтарын, фудкорттарды, кинотеатрларды қоспағанда),сауда үйлерінің (бутиктер),сауда желілерінің қызметін;
10)ҚР БМСД № 57 қаулысының талаптарын орындай отыра, толымдылығының қуатынан 20%-дан аспауын және бір келушіге кемінде 4 шаршы метр сақталған жағдайда, жұмыс тәртібін сағат 18:00-ге дейін шектеумен, азық-түлікке жатпайтын және азық-түлік тауарларын өткізетін жабық базарлардың қызметін;
11) ҚР БМСД № 57 қаулысының талаптарын орындай отыра, жұмыс тәртібін сағат 22:00-ге дейін шектеумен, азық-түлік дүкендерінің қызметін;
12)ҚР БМСД № 57 қаулысының талаптарын орындай отыра, толымдылығының қуатынан 20%-дан аспауын сақтаған жағдайда, жұмыс тәртібін сағат 18:00-ге дейін шектеумен, азық-түлікке жатпайтын тауарларды өткізетін дүкендердің қызметін;
13) ғимарат ішінде жалпы толымдылығы 30 орыннан аспайтын, ашық ауада қызмет етуді қоспағанда, әлеуметтік арақашықтықтың, отырғызылуын, үстелдердің көрші үстелдердің шеткі орындары арасында кемінде 2 метр арақашықтықта орналастырылуын және бір үстел алдында 4-6-дан аспайтын адамдардың отырғызылуын сақтап, ұжымдық, салтанатты, отбасылық және басқа жаппай өткізілетін іс-шараларды өткізусіз, сағат 8:00-ден бастап 22:00-ге дейінгі жұмыс тәртібімен, қоғамдық тамақтану нысандарының (мейрамханалар, кафе, барлар, асханалар мен басқа нысандар)қызметін;
14)ҚР БМСД № 57 қаулысының талаптарын орындай отыра, ұжымдық іс-шараларды өткізбей, толымдылығы 30 отыратын орыннан аспаған, жеке кірер жері болған жағдайда, сауда ойын-сауық орталықтарында орналасқан (жеке үй-жайларда)қоғамдық тамақтану нысандарының қызметіне рұқсат беруді;
15)ҚР БМСД № 57 қаулысының талаптарын орындай отыра, уақытын сағат 20:00-ге дейін шектеумен, 1 келушіге кемінде 4 шаршы метр қамтамасыз етілген жағдайда, алдын ала жазылу бойынша сұлулық салондарының, шаштараздардың,СПА-орталықтарының, косметологиялық қызметтерді ұсынатын нысандардың жұмысына рұқсат беруді;
16)Ұлттық құрама, клуб командалары үшін спорттық жаттығуларға (30 адамнан артық емес, байланыссыз термометрия, спорт базаларында тұру)рұқсат беруді;
17) бір мезгілде 30 адамнан асырмай жинақтай отырып, күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, облыстық командаларды даярлау үшін оқу-жаттығу жиындарын қайта бастауға рұқсат беруді ;
18) ашық ауада жеке және топтық жаттығуларға (топта 5 адамнан асырмай)рұқсат беруді;
19) ҚР БМСД № 57 қаулысының талаптарын орындай отыра, бір адамға су айнасының 5 шаршы метр есебінен жеке форматта, алдын ала жазылу бойынша бассейндер қызметіне рұқсат беруді;
20) ҚР БМСД № 57 қаулысының талаптарын орындай отыра, 5 адамнан аспайтын жеке және топтық жаттығуларға арналған спорт кешендерінің қызметіне рұқсат беруді;
21) ҚР БМСД № 57 қаулысының талаптарын орындай отыра, қуатынан 30%-дан аспайтын толымдылықты және бір келушіге кемінде 5 шаршы метрді қамтамасыз еткен жағдайда, уақытын сағат 20:00-ге дейін шектеумен, алдын ала жазылу бойынша фитнес-орталықтарының, жаттығу залдары мен спорттық-сауықтыру орталықтарының қызметіне рұқсат беруді;
22)ҚР БМСД № 57 қаулысының талаптарын орындай отыра, қуатынан 30%-дан аспайтын толымдылықты және бір келушіге кемінде 4 шаршы метрді қамтамасыз еткен жағдайда, уақытын сағат 20:00-ге дейін шектеумен, моншалардың, сауналардың қызметіне рұқсат беруді;
23)ҚР БМСД № 57 қаулысының талаптарын орындай отыра, толымдылығын 50%-дан, бірақ 50 адамнан асырмай, infokazakhstan.kz порталында тіркеле отырып, бетперделік режимді, әлеуметтік арақашықтықты сақтай отырып, театрлардың қызметіне рұқсат беруді;
24)бетперделік режимді және кемінде 2 метр арақашықтықты сақтай отырып, 15 адамнан аспайтын жеке және ұйымдасқан топтар үшін ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға (мемлекеттік ұлттық табиғи парктерге, қорықтарға, резерваттарға және басқаларға)баруға рұқсат беруді;
25)ҚР БМСД № 57 қаулысының талаптарын орындай отыра, жиналуы мен ұзақ тығыз байланысты болғызбайтын, халыққа байланыссыз қызмет көрсететін нысандардың қызметін (баспахана қызметтерін ұсынатын нысандар, тұрмыстық техниканы жөндеу; телешеберханалар; автосалондар; автожуу; дөңгелек ауыстыру; автомобильдерді жөндеу; зергерлік шеберханалар; аяқ-киім шеберханалары; тігін ательесі; аяқ-киімді, киімді жөндеу жөніндегі сервис, картридждерді толтыру және басқа нысандар);
26)ҚР БМСД № 57 қаулысының талаптарын орындай отыра, жұмыс кестесін сағат 9:00-ден бастап сағат 18:00-ге дейін белгілеумен, бизнес-орталықтарының (сақтандыру компаниялары, адвокат, нотариус, бухгалтер мен консалтинг қызметтері, жылжымайтын мүлік жөніндегі агенттіктер, жарнама агенттіктері, сот орындаушылары, айырбастау пунктілері мен басқан нысандар)жұмысын ұйымдастыруды;
27)Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің актісіне сәйкес уақыты мен саны бойынша шектей отырып, қаржы нарығы субъектілерінің қызметіне рұқсат беруді;
28)ҚР БМСД № 57 қаулысының талаптарын орындай отыра, 80%-дан аспайтын толымдылығын сақтаған жағдайда, туризм объектілері мен халықтың тұруы бойынша қызмет көрсету саласындағы ұйымдардың (қонақ үйлер, отельдер, демалыс үйлері, туристік базалар және т. б.)қызметіне рұқсат беруді;
29)сыныптардағы балалар саны 15 адамға дейін болатын, контингенті 5-тен 180 адамға дейінгі мектептердің; сыныптардың жинақталуы 15 баладан аспаған кезде, ата-аналарының өтініші бойынша мектепалды, 1-4-сыныптардың білім алушыларына арналған білім беру ұйымдарындағы кезекші сыныптардың жұмыс істеуіне рұқсат беруді;
30)ҚР БМСД № 57 қаулысының талаптарын орындай отыра, топты 15 адамнан асырмай жинақтаған жағдайда алдын ала жазылу бойынша балалар кабинеттерінің/түзету орталықтарының, балалар мен ересектердің білім беру орталықтарының қызметіне рұқсат беруді;
31)өңірлердегі эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығы» және «Бөбек» Ұлттық ғылыми-практикалық білім беру және сауықтыру орталығы» РМҚК қызметіне рұқсат беруді;
32)арнайы, мамандандырылған ұйымдардың, ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға арналған арнайы мектеп-интернаттардың (оның ішінде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім балаларға арналған),жалпы үлгідегі мектеп-интернаттардың, дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттардың қызметіне рұқсат беруді;
33)ҚР БМСД №57 қаулысының талаптарынорындай отыра, мемлекеттік органдардың (ұйымдардың, кәсіпорындардың),квазимемлекеттік сектор органдарының, ұлттық кампаниялардың, өзге де ұйымдардың, сондай-ақ кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне рұқсат беруді қамтамасыз етсін. Бұл ретте қызметкерлердің кемінде 70%-ы қашықтықтан жұмыс нысанында қалдырылады (штаттық кестеде 30-дан астам қызметкер болғанда);
34) «Азаматтарға арналған үкімет» ҰК» ҰАҚ Павлодар облысы бойынша филиалының халыққа қызмет көрсету орталықтары мен 1414 байланыс орталықтарының жұмысын жұмыс күндері (дүйсенбі-жұма)сағат 09:00-ден бастап 17:00-ге дейін, сенбі күні сағат 9:00-ден бастап 14:00-ге дейін (жексенбі және мереке күндері – демалыс)ұйымдастыруды қамтамасыз етсін.ҚР БМСД №57 қаулысының талаптарынорындай отыра,Мамандандырылған ХҚО жұмыс кестесі жұмыс күндері (дүйсенбі-жұма)сағат 9:00-ден бастап 17:00-ге дейін, сенбі күні сағат 9:00-ден бастап 14:00-ге дейін. Павлодар қаласының фронт кеңселері жаңа тұжырымдамаға сәйкес eGov.kz, EgovKZBot 2.0телеграмм-боты, 1414 ББО арқылы алдын ала брондау бойынша;
35)жұмыс күндері сағат 9:00-ден бастап 18:00-ге дейін, сенбі күні сағат 9:00-ден бастап 14:00-ге дейін, жексенбі күні – демалыс жұмыс кестесін белгілеумен, «Қазпошта» АҚ бөлімшелерінің жұмысын ұйымдастыруды қамтамасыз етсін. ХҚО жанындағы бөлімшелер жұмыс күндері сағат 9:00-ден бастап 17:00-ге дейін, сенбі күні сағат 9:00-ден бастап 14:00-ге дейін жұмыс істеуді қамтамасыз етсін. ҚР БМСД №57 қаулысының талаптарынорындай отыра, қызметтерді онлайн форматта барынша көрсетумен,«Қазпошта» АҚ бөлімшелерінің жұмысын қамтамасыз етсін;
36)ҚР БМСД №57 қаулысының талаптарынорындай отыра,үздіксіз өндірістік циклі бар өнеркәсіп кәсіпорындарының қызметіне; ашық ауадағы құрылыс жұмыстарына, ауыл және балық шаруашылығына, мал шаруашылығына рұқсат беруді;
37)ҚР БМСД №57 қаулысының талаптарынорындай отыра,аймақтарға бөлу талаптары және күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимсақталған жағдайда медициналық орталықтардың қызметіне (жазылу бойынша)рұқсат беруді;
38)ҚР БМСД №57 қаулысының талаптарын орындай отыра, дәріханалардың қызметіне рұқсат беруді;
39)ҚР БМСД №58 қаулысының талаптарын орындай отыра, кеңестерді (отырыстарды)көзбе-көз режимде өткізуге рұқсат беруді (оларды қашықтықтан өткізу мүмкіндігі болмаған кезде).
40)әлеуметтік арақашықтықты сақтай отырып, 3 адамнан аспайтын топтармен немесе бір отбасы мүшелерінің ойын-сауық объектілері жоқ саябақтарға, алаңдар мен скверлерге, Жағалауға және халықтың өзге де демалыс орындарына баруға рұқсат беруді;
41)ҚР БМСД №57 қаулысының талаптарын сақтаған жағдайда қоғамдық көліктердің жұмысына рұқсат беруді (қарбалас сәтте автобустар санын ұлғайту, кондуктордың болуы, соңғы аялдамада дезинфекциялау құралдарымен өңдеу, барлық есіктерді ашу, толымдылығы отыратын орын саны бойынша);
42)қоғамдық көліктерге, таксиге, өнеркәсіптік аумақтарға, әуежайларға, ауладағы балалар алаңдарына, азық-түлік және азық-түлік емес базарларға және басқа да қоғамдық орындарға санитариялық және дезинфекциялық өңдеу жүргізуді;
43)жексенбі күндері қоғамдық көлік (трамвайлар, автобустар, бағдарлы таксилер) қозғалысын тоқтата тұруды;
44)Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс(сенбі, жексенбі)және мереке күндері мынадай шектеу шараларын енгізуді:
-сол жерде орналасқан, азық-түлік тауарларын өткізетін нысандардан және дәріханалардан басқа, ауданы 500 шаршы метрден асатын сауда ойын-сауық орталықтарының, сауда үйлерінің, азық-түлікке жатпайтын тауарларды өткізетін дүкендердің жұмысын тоқтата тұруды;
- азық-түлікке жатпайтын және азық-түлік тауарларын өткізетін жабық базарлардың жұмысын тоқтата тұруды қамтамасыз етсін.
2.Жеке тұлғалар:
1)әлеуметтік арақашықтықты сақтай отыра, 5 адамнан аспайтын жеке, топтық жаттығулармен шұғылданатын бес жасқа дейінгі балаларды қоспағанда, қоғамдық орындарда, халық баратын, қызмет көрсетілетін және демалуға арналған үй-жайларда, қоғамдық көлікте (соның ішінде, такси ішінде)болған кезде медициналық немесе тоқыма бетперделерді міндетті түрде киюді (әрбір 2 сағат сайын ауыстырумен);
2)объектілерге барған, қоғамдық көлікті пайдаланған кезде, сонымен қатар, жұмыс орындарда мыналарды сақтауды:
-қол алысуды болдырмау, адамдар арасында кемінде 2 метр әлеуметтік арақашықтықты сақтау, қорғаныс бетперделерін дұрыс киюді қамтамасыз етсін;
-жеке гигиенаны (қолды жуғыш құралдармен жуу, санитайзерлерді (қолға арналған антисептиктер) пайдалану) сақтауды, түшкіру және жөтелу этикетін сақтауды;
3)65 жастан асқан адамдардың далаға шығуын шектеуді (қажеттілік жағдайларын қоспағанда: азық-түлік, алғашқы қажеттілік заттарын сатып алу);
4)респираторлық инфекцияның (тұмау, түшкіру, дене қызуы)алғашқы симптомдары пайда болған жағдайда 103 нөмірі арқылы жедел медициналық жәрдемді шақырту арқылы, медициналық ұйымдарға бармай, үйде медициналық көмекке шұғыл жүгінуді;
5)жерлеу іс-шараларын өткізген кезде кемінде 2 метр арақашықтықты, бетперделік режимді сақтай отыра, 10 адамнан аспайтын адамдардың жиналуына жол бермеуді.
6)отбасылық, естелік іс-шараларын (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, ас беру), оның ішінде үйде және адамдар көп жиналатын өзге де іс-шараларды өткізуге және қатысуға, сонымен қатар, жеке үй-жайлар мен құрылымдарды бұқаралық корпоративтік және басқа шараларды өткізу үшін жалға алуға тыйым салуды қамтамасыз етсін.
3.Павлодар облысының әкімдігі, облыс қала мен аудан әкімдері, Полиция департаменті, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің аумақтық басқармалары:
1)қызметіне рұқсат берілген объектілерде карантиндік іс-шаралардың, санитариялық-дезинфекциялық режимнің сақталуына бақылауды қамтамасыз етсін. Бұзушылықтарды анықтаған жағдайда Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Кодексіне сәйкес әкімшілік шаралар қолдану;
2)қызметіне шектеу қойылмаған объектілерді қоса есептегенде, объектілердің қызметін жаңартуды қамтамасыз етсін.
4.Павлодар облысының полиция департаменті:
1) жұмысты жалғастырсын және бетперделік режим мен әлеуметтік арақашықтықты сақтау мәніне тұрғын үй секторының, парктердің, скверлердің, аулаішілік балалар ойын алаңдарының, демалыс аймақтарының, қоғамдық көліктің патрульдеуін қамтамасыз етсін, учаскелік қызмет жұмысын жасырын отбасылық, ұжымдық іс-шараларды (үйлену тойлары, ас беру, қайырымдылық пен басқа іс-шаралар)анықтау мәніне бағыттасын;
2)COVID-19 бойынша байланысқа түскен адамдарды карантинға жабу және уақытша госпитализациялау орындарының күзетін;
3)COVID-19 бойынша байланысқа түскен адамдарды, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан өткізу пункттері арқылы Қазақстан Республикасына келген COVID-19-ға зертханалық зерттеуінің оң нәтижесі бар адамдарды іздестіру және карантинге орналастыру бойынша шаралардың қолданылуын қамтамасыз етсін.
5.Денсаулық сақтау басқармасы:
1)эпидемияға қарсы режимді сақтай отыра, COVID-19-бен сырқаттанған адамдарды оңашалау үшін инфекциялық стационарда жеке төсек-орындарды бөлуді;
2)эпидемияға қарсы режимді сақтай отыра, COVID-19 болғызатын клиникалық белгілері бар науқастарды оңашалау үшін жеке уақытша төсек-орындарды (стационарларды/бөлімшелерді)бөлуді;
3)барлық денсаулық сақтау ұйымдарында көрсетілетін медициналық көмек ерекшелігін ескере отыра, COVID-19 болғызатын клиникалық белгілері бар пациентті анықтаған жағдайда, оңашалауға арналған үй-жайларды бөлуді;
4)COVID-19 сырқатына күдігі бар пациенттермен кездесуін болдырмай, пациенттердің күн сайынғы ағымын бөлуді (басқа нозологиялық сырқаттар бойынша);
5)босандыру ұйымдарына босанатын әйелдер, сондай-ақ, көп бейінді стационарларға тіршілік көрсеткіштері бойынша шұғыл көмек көрсетілуіне мұқтаж пациенттер келіп түскен жағдайда, медициналық көмек COVID-19-ға зертханалық зерттеу нәтижелерін күтпей-ақ, жеке қорғаныс құралдарын пайдаланумен, оңашалау үй-жайда көрсетіледі. Пациентте COVID-19 диагнозы расталған жағдайда, медициналық көмек көрсетуге тартылған қызметкерлер үй карантинінде оңашалауға және COVID-19-ға зертханалық тексерілуге жатады. Нәтиже оң болған жағдайда жұмыстан шеттетіліп, емдеуге жіберіледі, теріс нәтиже болған жағдайда лауазымдық міндеттерін атқаруды жалғастырады және 14 күн ішінде медициналық бақылауға жатады;
6)ҚР БМСД № 57 қаулысына 33-қосымшаға сәйкес COVID-19-ға зертханалық зерттеуді;
7)ҚР БМСД № 57 қаулысына 33-қосымшаға сәйкес зертханалық тексеру үшін COVID-19-ға күдігі бар науқастардан материалдың қауіпсіз алынуын ұйымдастыруды;
8)инфекциялық, уақытша және өзге медициналық ұйымдарда эпидемияға қарсы режим талаптарының сақталуын;
9)уақытша, инфекциялық стационарларда түрлі рейстерден, үй ошақтарынан келген адамдар, жұмыс (оқу)орны бойынша байланысқа түскен адамдар ағынының кездесуіне жол бермеуді;
10) қажет болған жағдайда үйде карантинде отырған адамдар үшін медициналық ұйымдарға бармай, еңбекке уақытша жарамсыздығының парақтарын (еңбекке жарамсыздық парағы)рәсімделуін;
11)денсаулық сақтау ұйымдарының COVID-19-ға шалдыққан пациенттерді емдеу үшін қажетті дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға қажеттілігін;
12)ҚР БМСД № 57 қаулысына № 4-қосымшаға сәйкес таза және лас аймақтарға бөлумен, барлық медициналық ұйымдардың инфекциялық стационар қағидаты бойынша қызмет етуін;
13)стационарлық денсаулық сақтау ұйымдарында карантинді сақтауды;
14)ҚР БМСД № 57 қаулысына № 34-қосымшаға сәйкес медицина қызметкерлерінің инфекциялық қауіпсіздігін;
15)өліктерді сою кезінде (аутопсия) патологанатомиялық, сот-медициналық сараптама қызметі саласындағы жұмысты жүзеге асырып отырған ұйымдарда жұмыстан шығар жерде дене қызуын өлшеуді қоса есептегенде, өзін оңашалаусыз, эпидемияға қарсы іс-шараларды сақтауды – жеке қорғаныс құралдарын пайдалануды;
16)пациенттердің бүкіл ағынының дене қызуын өлшеу үшін тепловизорлармен қамтамасыз ете отыра, барлық денсаулық сақтау ұйымдарында шлюздерді ұйымдастыруды;
17)көп бейінді ауруханалардың қабылдау бөлімшесінде пациенттердің күн сайынғы ағынын хирургиялық және терапевтік бейін бойынша жекелей бөлуді;
18)жедел медициналық жәрдем станциясының диспетчерлерінчек-парақ бойынша COVID қашықтықтан триаж, эпидемиологиялық және биологиялық қауіпсіздік, стандартталған операциялық шараларды (СОШ)орындау, COVID – 19-ға күдігі бар науқастарды тексерудің чек-парағын пайдалану бойынша үздіксіз оқытуды;
19)ҚР БМСД № 57 қаулысына № 3-қосымшаға сәйкес әрекеттері тасымалдаумен, ошақта жұмыс жасаумен, COVID-19-ға күдігі бар науқастарды емдеу және қызмет көрсетумен байланысты медицина қызметкерлері мен қызметкерлердің тиісті қорғаныс деңгейі бар ЖҚҚ пайдалануын бақылауды;
20)COVID-19 эпидемиологиясы, клиникалық белгілері, диагностикасы мәселелері бойынша денсаулық сақтау ұйымдарына арнап семинарларды ұйымдастыруды және өткізуді;
21)COVID-19 кезінде жеке қорғаныс құралдарын пайдалану жөнінде эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізубойынша өңірдегі медициналық ұйымдардың барлық қызметкерлерін толықтай қамтумен, нұсқаулық жүргізуді;
22)ҚР БМСД № 57 қаулысына № 35-қосымшаға сәйкес COVID-19-ды жұқтырудың жоғары қаупіне ие адамдар үшін оңашалауды;
23)ҚР БМСД № 57 қаулысына № 36-қосымшаға сәйкес COVID-19 симптомыжоқ вирус тасымалдаушыларды оңашалау шарттары болған жағдайда үйдегі карантин мен медициналық бақылауын;
24)тұрғын үйдің үй карантинін ұйымдастыруға арналған талаптарына сәйкестігін бағалауды;
25)үйдегі медициналық бақылаудың жүргізілуін және үй карантинінің талаптарын сақтауға бақылауды;
26)шетелден COVID-19-ға зертханалық тексеру жүргізу үшін келген, дене қызуы жоғары адамдарды инфекциялық стационарға жатқызуды;
27)карантиндік стационарларда ПТР әдісімен COVID-19-ға тестіден өтуі туралы анықтамасыз шетелден келген Қазақстан Республикасының азаматтарын орналастыруды;
28)үйде оңашалау шарттарымен (үй карантині),COVID-19 науқаспен байланысқа түскен (жақын байланыс)адамдардың зертханалық тексеруі мен медициналық бақылауын;
29)ҚР БМСД № 57 қаулысына № 37-қосымшаға сәйкес халыққа профилактикалық екпе жүргізуді;
30)ҚР БМСД № 57 қаулысына № 33, 35, 36-қосымшаларға сәйкес байланысқа түскен адамдар мен симптомы жоқ вирус тасымалдаушылардың медициналық бақылауы мен зертханалық тексеруін;
31)диагнозды анықтаған соң, 6 сағат ішінде CОVID-19-пен сырқаттанудың әр жағдайына, соның ішінде, «CОVID-19 Коронавирустық инфекциясы(Вирус теңдестірілмеген)»U07.2 коды бойынша тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің аумақтық басқармаларына шұғыл хабарламаның берілуін;
32)COVID-19 симптомсыз түрлеріне шалдыққан пациенттерді қоса есептегенде, үй карантинінде қашықтықтан бақылауға арналған ұялы қосымшаның енгізілуін қамтамасыз етсін;
33)алдын алу мақсатында тестілеу жоспарына сәйкес COVID-19-ды жұқтырудың жоғары қаупі бар медицина қызметкерлерінің тестілеуден өтуін қамтамасыз етсін;
34)медицина қызметкерлерінің ҚР аумағы бойынша мемлекеттік шекараның автомобиль өткелдерінде екіжақты қатынаста халықаралық жүк тасымалын жүзеге асырып отырған жүргізушілерден COVID-19-ға зертханалық тексеру үшін материалды алуын қамтамасыз етсін.
6.Павлодар облысы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің: «Шектеулі карантиндік шаралар мен оларды кезең-кезеңімен жеңілдету туралы» 2020 жылғы 16 тамыздағы, 2020 жылғы 30 тамыздағы, 2020 жылғы 10 қыркүйектегі, 2020 жылғы 17 қыркүйектегі №10; «Павлодар облысы аумағындағы шектеулі карантиндік шаралар туралы» 2020 жылғы 16 қазандағы № 11 қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
7. Осы Қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
8. Осы Қаулы 2020 жылдың 27 қазанында сағат 00:00-ден бастап күшіне енеді.
Павлодар облысы
Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің
орынбасарыЗ. Дощанова