Павлодар облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшылығы спорттық ғимараттардың Led-экрандарында АИТВ-жұқпасының алдын алу бойынша бейнероликтерді орналастыру мәселесін шешті.
АИТВ-жұқпасының алдын алу бойынша 40-секундтық бейнеролик мемлекеттік және орыс тілдерінде Орталық стадионның Led-экранында футбол матчтерінің арасындағы үзілістерде көрсетіледі. Футбол көрермендері, жанкүйерлері роликтерді көргеннен кейін АИТВ-ның берілу жолдары, АИТВ-ның қол алысу кезінде, маса шаққанда, бассейнде, сүйіскенде ешбір қауіп төндірмейтіндігі туралы ақпаратты біле алады. Бейнеролик мамандарға келіп жүгінуге болатын Павлодар облыстық ЖИТС-тың алдын алу және күресу жөніндегі орталығының мекенжайы мен телефонын көрсетумен аяқталады.
Роза Апаева