Павлодар облысының хосписі 1999 жылдан бастап қала және облыс тұрғындарына паллиативтік көмек көрсетіп келеді. Осы кезеңде мыңдаған пациенттерге паллиативтік көмек, олардың туыстары мен жақындарына психологиялық қолдау көрсетілді. Медициналық қызметкерлердың біліктілігі, олардың жанашырлығы, қамқорлығы және медициналық ұйымның дамыған материалдық-техникалық базасының болуы пациенттерді күтуде маңызды болып табылады.
Пациенттердің болу жағдайларын жақсарту және мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін нормаларға сәйкестендіру мақсатында 2023 жылы Ломов, 49/6 мекенжайында орналасқан хоспис ғимараттарының бірінде күрделі жөндеу жоспарланған. Осы мақсатта 270 миллион теңге көлемінде қаржы бөлінді. Бұл қаражатқа ғимараттың шатырын, сумен және жылумен қамтамасыз ету жүйелерін жаңғырту, үй-жайларға ішкі жөндеу жүргізу, хоспистің іргелес аумақтарын абаттандыру және қоршау жоспарлануда. Жөндеуден кейін Павлодар облысының тұрғындарына тәулік бойы паллиативтік көмек көрсету үшін 30 төсек орналастыру жоспарланған.