2024 ЖЫЛЫ МӘМС ҮШІН ҚАНША ТӨЛЕЙМІЗ?
Жұмыс берушілер – қызметкер жалақысының 3 % төлейді
25 500 теңгеден аспайды
Жалдамалы қызметкерлер жалақысының 2 % төлейді
17 000 теңгеден аспайды
салық салынатын ай сайынғы табыс 10 ЕТЖ (2024 жылы 850 000 теңге) аспауға тиіс
Дербес төлеушілер 1 ең төменгі жалақының 5%-ын төлейді, яғни 4250 теңге
Жеке кәсіпкерлер 1,4 еселенген ең төменгі жалақының 5% төлейді, яғни 5950 теңге.
2024 жылдың қаңтарынан бастап БЖТ болмайды
Өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар келесі тәсілдермен сақтандырыла алады:
✔жеке кәсіпкер ретінде тіркелу және жарналарды жеке кәсіпкер ретінде төлеу;
✔жарналарды дербес төлеуші ретінде төлеу.
2024 жылы Бірыңғай төлем мөлшерлемесі еңбекақы төлеу қорының 21,5% құрайды.
ірыңғай төлем - жалақыдан ұсталатын 5 төлемді біріктіреді.
✔Міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ);
✔Әлеуметтік төлемдер (ӘТ);
✔Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналары (МӘМС);
✔Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға (МӘМС) аударымдар;
✔Жеке табыс салығы (ЖТС).
Бірыңғай төлемді жеке кәсіпкер мен шағын және орта бизнес өкілдері, жеңілдетілген декларация бойынша немесе арнайы салық режимдерінде жұмыс істейтіндер (ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер үшін) төлейді.
15 жеңілдік санатына кіретіндер үшін жарналарды мемлекет төлейді.
✔2024 жылы бір адамға айына 5852,63 теңге төленеді.