✨ МӘМС жүйесі енгізілгелі дәрігерлердің консультациялары, зертханалық талдаулар және аспаптық диагностиканың саны 7 есе артты, деп хабарлайды Әлеуметтік медсақтандыру қоры.
✨ Биыл МӘМС аясында консультациялық-диагностикалық қызметтер көрсетуге 290 млрд теңгеге шарттар жасалды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 20%-ға артық. 3 жыл ішінде бұл қызметтердің көлемі 7 есе өсті.
☝ 2019 жылы, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі енгізілгенге дейін 18 млн консультациялық-диагностикалық қызмет көрсетілсе, 2022 жылдың қорытындысы бойынша ол 142 млн-ға жетті.