Мемлекеттік мүлік туралы Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1
наурыздағы Заңының 149-бабы 1-тармағы екінші бөлігінің 1-1) тармақшасына сәйкес
Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының
ШЖҚ «No 1 Павлодар облыстық перинаталдық орталығы» КМК (бұдан әрі -
Кәсіпорын) Байқау кеңесі Кәсіпорын директорының бос лауазымына орналасуға
конкурс жариялайды.
Кәсiпорынның қызметi заңда белгiленген тәртiппен берiлген және
медициналық қызмет түрлерiмен бекiтiлген лицензияға сәйкес облыс халқына
жоғары бiлiктi медициналық көмек көрсету болып табылады. Облыс халқының
денсаулығын, ана мен бала денсаулығын қорғау бағдарламаларын iске асыру, ана
мен бала денсаулығын нығайту.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
«Денсаулық сақтау» даярлау бағыты бойынша жоғары білім және сертификаттау
курсынан өткені туралы куәлік (қайта даярлау), «Денсаулық сақтау менеджменті»
(«Қоғамдық денсаулық сақтау») мамандығы бойынша және (немесе) тиісті мамандық
бойынша біліктілікті беру туралы куәлік немесе «Денсаулық сақтау» даярлау бағыты
бойынша жоғары білім және (немесе) «Бизнес, басқару және құқық» немесе
«Денсаулық сақтау» даярлау бағыты бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім
беру (немесе) «Бизнес және құқық», денсаулық сақтау саласындағы менеджер
сертификаты, денсаулық сақтау саласындағы басшы лауазымдардағы жұмыс өтілі
кемінде 5 жыл;
медициналық қызметті (дәрігерлік практиканы) жүзеге асыру үшін - кәсіптік
құзыреттердің болуы: бірінші (жоғары) біліктілік санаты дәрігердің біліктілігіне
(бейіні бойынша) қойылатын жалпы талаптарға сәйкестігі, клиникалық практикаға
жіберу үшін маман сертификаты;
Денсаулық сақтау, экономика және құқық саласындағы қызметті регламенттейтін
нормативтік-құқықтық актілерді білу.
Құжаттарды қабылдау күні осы хабарландыру ресми бұқаралық ақпарат
құралдарында немесе денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның және
Кәсіпорынның интернет-ресурстарында жарияланған күннен бастап күнтізбелік 15
күн ішінде немесе Қазақстан Республикасы, индексі 140000, Павлодар қаласы,
Генерал Дүйсенов көшесі, 4/2 құрылыс мекенжайы бойынша қабылданады.
Анықтама телефоны: 8-7182205519, e-mail: hr_popc@mail.ru
Үміткерлер конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттарды ұсынуы қажет:
1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) еркін нысанда жазылған өмірбаян;
3) білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
4) еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі, еңбек
шартын қабылдау және тоқтату туралы бұйрықтардан үзінді не жұмыс өтілін
растайтын басқа құжат;
5) «Денсаулық сақтау саласындағы есептік құжаттаманың нысандарын, сондай-ақ
оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы No
ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген 075/е нысаны бойынша денсаулық
жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу
тізілімінде No 148139 болып тіркелген);
6) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және
арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің соттылығының жоқтығы туралы
анықтамасы.