Отбасын жоспарлау - табысты, салауатты және берік қарым-қатынастың басты аспектілерінің бірі. Отбасын құрған еркек пен әйел басты сұрақтың алдында тұр: Олар қанша баланы қалайды?
Отбасын жоспарлау біздің салауатты және сапалы болашағымызға саналы түрде қосқан үлесі екенін білу маңызды.
Көбі отбасын жоспарлау және контрацепция термині синонимдер деп санайды. Шын мәнінде, отбасын жоспарлау негізінде еркек пен әйел үшін оңтайлы мерзімде қалаған балалардың туылуы жатыр. Әрбір баланың туылуын жоспарлай отырып, жұп қалаусыз жүктіліктің пайда болу мүмкіндігін төмендетеді.
Дені сау және қалаулы балалардың тууы көптеген факторларға: биологиялық, психологиялық, әлеуметтік-экономикалық факторларға байланысты.
Биологиялық факторлардың негiзiнде адам денсаулығы, ал нақты - ұрпақты болу денсаулығы ұғымы жатыр. Ұрпақты болу денсаулығын сақтау мәселесі ерлі-зайыптылар бала тууға шешім қабылдағанға дейін туындайды.
Сондықтан дені сау ата-аналар дені сау балалармен тең екенін білу маңызды!