«№ 1 Павлодар облыстық перинаталдық орталығы» ұжымы Павлодар облысы бойынша КЕАҚ «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры», филиалының мамандарымен, оның директоры Ж.М. Шаймбетов, медициналық көмектің сапасын бағалау және шарттық міндеттемелерді мониторингілеу бөлімінің басшысы Л.Н. Смердова; МӘМС филиалының медициналық көмекті сатып алу және төлеу бөлімінің басшысы; медициналық көмекті жоспарлау, орындауды талдау және болжау бөлімінің басшысы - А.Қ.Оқапова; халықты ақпараттандыру және өтініштерді қарау бөлімінің басшысы - Темірғалиева Э.А.-мен кездесті. Медициналық ұйымдарды қаржыландыру, медициналық қызметтерді сатып алу, медициналық қызметтерді көрсету мониторингі мәселелері баяндалды. Кездесу сұрақ-жауап форматында өтті. ПОПО ұжымының сұрақтарына жауаптар алынды.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев