ШЖҚ «№ 1 Павлодар облыстық перинаталдық орталығы» КМК -да әйелдер консультациясындағы жүкті әйелдер мен жеке меншік клиникалардағы серіктестер үшін «Ашық есік күні» өткізілді. Бұл іс-шара репродуктивті денсаулық апталығына, халықтың репродуктивті денсаулық туралы хабардарлығын арттыруға арналды.
Директордың міндетін атқарушы Г.Б. Буратаева болашақ аналарды қарсы алып, жүкті әйелдерге контрацепция әдістері, ЖЖБИ-дің алдын алу, сондай-ақ қауіпсіз ана болу принциптері, серіктес босанудың маңыздылығы, босану орнын еркін таңдау, босану процесі, дұрыс тамақтану, демалу және емшек сүтімен емізуді көтермелеу мен қолдау туралы айтып берді.
Перинаталдық орталықтың босандыру жөніндегі үйлестірушісі Л.В.Ходырева босануға психоэмоционалдық дайындықтың маңыздылығына назар аударды. Жүкті әйелдерді қызықтыратын бірқатар сұрақтарға жауап берді.
Ересектер реанимациясы бөлімшесінің аға мейіргері А.Е.Меркасымов пен нәрестелер патологиясы бөлімшесінің медбикесі Д.К.Мұхамеджанова «Отбасын жоспарлау», «Контрацепция», "Адам папилломасы вирусы", " ЖЖБИ " тақырыптарына интерактивті слайдтар арқылы дәріс оқыды;
СӨС үйлестірушісі Т.А. Наскенова жүлделерді тапсыру арқылы өткізілген материалды игеру бойынша сауалнама жүргізді.
Жүкті әйелдерге МОМ-буклеттер, брошюралар таратылды.