Отбасы күніне орай аналар мен жаңа туған сәбилерге көңіл бөлу мақсатында өз бастамасымен Павлодар облысы ҚХА Аналар кеңесі этномәдени бірлестіктердің төрағаларымен бірлесіп “ШЖҚ КМК және №1 Павлодар облыстық перинаталдық орталығына барды.
Мерекелік сапар аясында Аналар кеңесінің төрағасы Б.Максилова аналарды атаулы мерекемен құттықтап, жарық дүниеге сәби әкелу сияқты отбасындағы қуанышты оқиғаның маңыздылығын атап өтті. Барлық аналарға естелік сыйлықтар табысталды. Іс-шара отбасылық құндылықтарды насихаттауға және отбасы мен неке институтын нығайтуға бағытталған.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев