2024 жылдың 18-маусымында кураторлық жұмыс аясында, практикалық және ұйымдастырушылық көмек көрсету бағытымен перинаталдық орталықтың қызметкерлері Аққулы ауданына барды. Жұмыс акушер-гинеколог дәрігерлердің, ЖПД терапевттерінің және барша аудан акушерлерінің қатысуымен өткізілді. Аурухана бөлімшелерін аралап, жүкті әйелдердің жеке карталарын, босану тарихын, 1 жасқа дейінгі балалардың амбулаториялық карталарын талдады. Жүктілік, босанғанға дейінгі және босанғаннан кейінгі қан кетулер, антенаталдық күтім және т.б. кезіндегі гипертензиялық жағдайларды диагностикалау және емдеу бойынша ҚР хаттамаларын талдап, материалды рөлдік ойындармен бекітті.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев