Қысқы демалыс басталған кезде балалардың қауіпсіздігі ата-аналар, педагогтер мен жалпы қоғам үшін маңызды міндетке айналады. Осы кезде балалар таза ауада белсенді демалып, қысқы спорт түрлерімен айналысады. Сондай-ақ, осы уақытта басқа да маусымдық факторлармен байланысты балалардың жарақат алу қаупі артады.
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ата-аналарды негізгі сақтық шараларын сақтау қажеттігі туралы ЕСКЕРТЕДІ:
1.МҰЗ АЙДЫНЫНДА ЖӘНЕ ТӨБЕШІКТЕН СЫРҒАНАУ
КЕЗІНДЕГІ ҚАУІПСІЗДІК
•Балалардың рұқсат етілмеген, мұзы жұқа айдындары
мен су айдындарында болуына жол бермеңіз.
•Қысқы спорт түрлеріне арналған жабдықтың (шана, коньки) жарамдылығы мен қауіпсіздігін тексеріңіз.
2. ЖОЛДА ЖҮРУ ҚАУІПСІЗДІГІ
•Балаңызға жолдан, әсіресе көктайғақ кезінде,
қауіпсіз өту ережелерін түсіндіріңіз.
3.СЫРҒАНАЙТЫН ОРЫНДЫ ЖӘНЕ ОНДА БОЛУ УАҚЫТЫН БАҚЫЛАУ
•Балалардың, әсіресе адамдар көп жиналатын жерлерде,
үнемі ересектердің бақылауында екеніне көз жеткізіңіз.
•Балаңызбен үйге қайту уақыты мен байланыс тәсілдері туралы келісіңіз.
4. ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ
•Балаңызға отты және электр құрылғыларын, әсіресе жаңа жылдық гирляндаларды, шамдар мен бенгал ұшқындарын қолдануға байланысты ережелерді түсіндіріңіз.
•Сіріңке мен оттықтарды балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз.
Сонымен қатар, Министрлік балалардың эмоционалды және психологиялық қауіпсіздігінің маңыздылығына назар аудартады. Қысқы демалыс – бұл отбасымен бірге болу, қызығушылықтар мен шығармашылық әрекеттерді дамыту уақыты. Балаларыңыздың бос уақыттарын қалай өткізетініне көңіл бөліңіздер.
Балалардың қауіпсіздігі – біздің ортақ жауапкершілігіміз. Балаларымыздың қысқы демалысы жарқын, көңілді және қауіпсіз өтсін!