Қазақстан Республикасының Кодексі
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
2020 жылғы 7 шілдедегі № 360-VI ҚРЗ
(өзгертулер мен толықтырулармен)
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНДАҒЫ АДАМДАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ 12-тарау.
76-бап. Денсаулық сақтау саласындағы құқықтардың кепілдігі
1. Мемлекет Қазақстан Республикасының азаматтарына:
1) медициналық көмекке тең қолжетімділік;
2) медициналық көмектің сапасы;
3) дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету сапасы;
4) дәрілік заттардың қолжетімділігі, тиімділігі және қауіпсіздігі;
5) аурулардың алдын алу, салауатты өмір салтын және салауатты тамақтануды насихаттау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру;
6) репродуктивті таңдау бостандығы, ұрпақты болу денсаулығын қорғау және ұрпақты болу құқықтарын сақтау;
7) санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылық. 2. Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасының азаматтарын кез келген аурулардың немесе жағдайлардың болуына байланысты кемсітудің және стигматизацияның кез келген нысандарынан қорғауға кепілдік береді.
@depzdrav_pavlodar
whatsapp руководителя