«Екібастұз қаласы ШЖҚ №2 емхана» КМК бойынша медициналық ұйымдардың ақылы медициналық қызмет көрсету жөніндегі бекітілген Ережесінен үзінді
Павлодар облыстық денсаулық сақтау басқармасы «Екібастұз қаласы ШЖҚ №2 емханасы КМК бойынша, Павлодар облысының әкімдігі 2009 жылғы 18 қыркүйектегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне, 2011 жылғы 1 наурыздағы №413-ІҮ «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Тегін медициналық көмек кепілді көлемінің тізімін бекіту туралы» 2009 жылғы 15 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Үкіметінің №2136 қаулысымен өзгерістер енгізілгені туралы», 2014 жылғы 27 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің №29 қаулысымен, 2015 жылғы 1 сәуірдегі Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау және даму министрінің №194 бұйрығымен Қазақстан Республикасының аумағында жүрген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар тегін медициналық көмектің кепілді көлемін алуға құқылы болатын айналадағылар үшін қауіп төндіретін аурулардың тізбесін бекіту туралы», 2015 жылғы 30 сәуірдегі «Ұйымдардағы ақылы қызметтерді көрсету шарты және Ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің №304 бұйрығына сәйкес ақылы қызмет көрсетеді.
Ақылы қызметтердің тізбесі
Ақылы қызметтердің бағасы барлық шығындарды медициналық қызмет көрсету, сервистік және өзге де қосымша шығындарды қоса есептегенде Қазақстан Республикасы заңдылығына сәйкес бекітіледі.
Ақылы қызметтер Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрілігінің 2002 жылғы 10 қаңтардағы «Мемлекеттік денсаулық сақтау мекемелерінің ақылы негізде көрсетілетін қызметі үшін бағаның мөлшерін анықтау және бекіту ережесі, және денсаулық сақтау басқармасы «Ақылы қызметтердің бағалар тізбесінен үзінді» 1-қосымша) №13 бұйрығына сәйкес әзірленген ақылы қызметтер бағасы бойынша көрсетіледі.
Жеңілдіктер туралы мәліметтер
Медициналық қызметтер бағасы жөніндегі жеңілдіктерді қолдана алады:
- ҰОС қатысушылар мен ардагерлер – 100 пайыз;
- І және ІІ топтағы мүгедектер — 50 пайыз;
- Жасы жетіп, зейнеткерлікке шыққандар – 50 пайыз;
- 18 жасқа дейінгі балалар – 50 пайыз.
Баға тізбелерімен №2 емханада таныса аласыздар.