Бала ауырып қалған кезде оның тезірек сауығып, асқынулардың алдын алу үшін дұрыс күтім жасау өте маңызды:
Дәрігерге уақтылы жүгіну
Аурудың алғашқы белгілері пайда болғанда өзін-өзі емдемей, міндетті түрде дәрігер кеңесін алу қажет.
Тағайындалған емді сақтау
Дәрігердің барлық ұсынымдарын қатаң орындау: дәрілердің дозасы, қабылдау жиілігі мен ұзақтығы маңызды.
Тыныштық пен күн тәртібін сақтау
Балаға жеткілікті ұйқы, демалыс және белсенді ойындарды шектеу қажет.
Дұрыс әрі жеңіл тамақтану
Тамақ баланың жасына және жағдайына сай, жеңіл қорытылатын әрі жылы болуы тиіс.
Сұйықтықты жеткілікті мөлшерде қабылдау
Су, компоттар, морстарды жиі беру ағзадан уыттарды шығаруға және дене қызуын төмендетуге көмектеседі.
Тазалық пен гигиенаны сақтау
Бөлмені жиі желдетіп, ауа ылғалдылығын қалыпты деңгейде ұстау және жеке гигиенаны сақтау маңызды.
Баланың жағдайын бақылау
Дене қызуын, тынысын, тәбетін және жалпы жағдайын үнемі қадағалау қажет.
Эмоционалдық қолдау мен қамқорлық
Жылы қарым-қатынас, сабырлы орта мен ата-ананың мейірімі баланың тез сауығуына ықпал етеді
@depzdrav_pavlodar
whatsapp руководителя