контакт: 8(71833)21235 terenkol.rbk@mail.ru
адрес: с. Теренколь, ул. Тәуелсіздік, 88
Жол қозғалысы ережелері бойынша семинар өтті
06-04-2026 11:14
Жол қозғалысы ережелері бойынша семинар өтті


31 наурыз күні аудандық ауруханада жүргізушілерге арналған жол қозғалысы ережелері бойынша семинар өтті. Семинар барысында жол қозғалысы қауіпсіздігі, арнайы көліктерде проблеск шамдарын пайдалану тәртібі және оларды қолдану жағдайлары түсіндірілді.

Семинарды Тереңкөл ауданы Полиция бөлімінің ӘПҚБ бастығы, полиция капитаны Садыков Сабыржан Каиржанович жүргізді. Ол қатысушыларға жол қозғалысы ережелерін сақтау, арнайы сигналдарды пайдалану тәртібі және жолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Мұндай іс-шаралар қызметтік көлік жүргізушілерінің жауапкершілігін арттыруға және жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.