Ауруханамызда оқыту семинары өтті!
2026 жылғы 19 наурыз күні Қаныш Сәтбаев атындағы №3 орта мектеп базасында:
«Адам папиллома вирусы (АПВ): эпидемиологиясы, ауру ауыртпалығы, жатыр мойны обырының алдын алу» тақырыбында семинар өтті.
Іс-шараға медицина қызметкерлері мен 11–13 жас аралығындағы қыз балалардың ата-аналары қатысты.
Семинар барысында аурудың алдын алу, ерте анықтау және АПВ-ға қарсы вакцинацияның маңыздылығы туралы ақпарат берілді.
Спикер қатысушылардың барлық сұрақтарына жауап беріп, пайдалы мәліметтермен бөлісті.
Барлық қатысушыларға белсенділіктері үшін алғыс білдіреміз!
@depzdrav_pavlodar
whatsapp руководителя