контакт: 8(71833)22891 darina.toyendykova@bk.ru
адрес: Тереңкөл а, Тәуелсіздік 88.
Біздің ауруханада «OrionMedicals» клиникасының мамандарымен кездесу өтті.
06-04-2026 11:29
Біздің ауруханада «OrionMedicals» клиникасының мамандарымен кездесу өтті.

Біздің ауруханада оқыту семинары өтті!
Біздің ауруханада «OrionMedicals» клиникасының мамандарымен кездесу өтті. Олар медицина қызметкерлеріне арналған танымдық семинар өткізді 
 Семинар барысында заманауи диагностикалық әдістер жан-жақты таныстырылды:
— электроэнцефалография (ЭЭГ)
— магниттік-резонанстық томография (МРТ)
Клиника мамандары балалар  мен ересектерді  тексеру мүмкіндіктері туралы айтып, сондай-ақ келесі бағыттар бойынша өзекті ақпаратпен бөлісті:
 зерттеу жүргізуге көрсетілімдер
 пациенттерді дайындау ерекшеліктері
 ауруларды диагностикалаудың заманауи тәсілдері
 Семинарға қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, аталған әдістерді тәжірибеде қолдану мәселелерін талқылауға мүмкіндік алды.
 «OrionMedicals» клиникасына ынтымақтастық пен пайдалы ақпарат үшін алғысымызды білдіреміз!
 Мұндай іс-шаралар мамандардың кәсіби деңгейін арттыруға және халыққа көрсетілетін медициналық көмектің сапасын жақсартуға ықпал етеді