Вебинар спикерлері: аудандық аурухананың медициналық психологы Нестеренко О.В. және Психологиялық қолдау орталығының психолог-үйлестірушісі Жылқайдарова С.Б.
Кездесу барысында келесі маңызды мәселелер қарастырылды:
• жасөспірімдердің эмоционалдық қолайсыздық белгілері;
• оқушылардың мінез-құлқындағы алаңдатарлық өзгерістерді ерте анықтау;
• білім беру және денсаулық сақтау мамандарының өзара іс-қимылы;
• психологиялық қолдау және профилактикалық жұмыстар.
Вебинарға Тереңкөл ауданы білім беру ұйымдарының педагог-психологтары, әлеуметтік педагогтары, сынып жетекшілер және директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты.
Балалар мен жасөспірімдердің психологиялық саулығын сақтау бағытындағы маңызды жұмысқа қатысқан барлық мамандарға алғыс білдіреміз.
@depzdrav_pavlodar
whatsapp руководителя