контакт: 8(71833)21235 terenkol.rbk@mail.ru
адрес: с. Теренколь, ул. Тәуелсіздік, 88
Тереңкөл ауданында кәмелетке толмағандардың эмоционалдық жағдайындағы тәуекелдерді ерте анықтау және деструктивті мінез-құлықтың алдын алу тақырыбында аудандық вебинар өтті.
06-04-2026 11:35
Тереңкөл ауданында кәмелетке толмағандардың эмоционалдық жағдайындағы тәуекелдерді ерте анықтау және деструктивті мінез-құлықтың алдын алу тақырыбында аудандық вебинар өтті.



Вебинар спикерлері: аудандық аурухананың медициналық психологы Нестеренко О.В. және Психологиялық қолдау орталығының психолог-үйлестірушісі Жылқайдарова С.Б.

Кездесу барысында келесі маңызды мәселелер қарастырылды:
• жасөспірімдердің эмоционалдық қолайсыздық белгілері;
• оқушылардың мінез-құлқындағы алаңдатарлық өзгерістерді ерте анықтау;
• білім беру және денсаулық сақтау мамандарының өзара іс-қимылы;
• психологиялық қолдау және профилактикалық жұмыстар.

Вебинарға Тереңкөл ауданы білім беру ұйымдарының педагог-психологтары, әлеуметтік педагогтары, сынып жетекшілер және директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты.

Балалар мен жасөспірімдердің психологиялық саулығын сақтау бағытындағы маңызды жұмысқа қатысқан барлық мамандарға алғыс білдіреміз.