контакт: 8(71833)22891 darina.toyendykova@bk.ru
адрес: Тереңкөл а, Тәуелсіздік 88.
Мейіргерлер күніне орай салтанатты марапаттау
13-05-2026 09:23
Мейіргерлер күніне орай салтанатты марапаттау
 
 
Кәсіби мереке — Халықаралық мейіргерлер күні қарсаңында медицина қызметкерлерін салтанатты марапаттау рәсімі өтті.
 
Ауданның мейіргерлері адал еңбегі, жоғары кәсібилігі және денсаулық сақтау саласының дамуына қосқан елеулі үлесі үшін Құрмет грамоталарымен марапатталды. Марапаттар Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы басшысы Е.Е. Кучуков атынан табысталды.
 
Мейіргерлер – медицина саласындағы ең жауапты әрі маңызды мамандық иелерінің бірі. Олар күн сайын пациенттердің денсаулығын жақсарту жолында кәсібилік, жанашырлық және үлкен жауапкершілік танытып келеді. 
 
Барлық мейіргерлерді кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс және алғыс білдіретін пациенттер көп болсын!