контакт: 8(71833)21235 terenkol.rbk@mail.ru
адрес: с. Теренколь, ул. Тәуелсіздік, 88
Тереңкөл аудандық ауруханасында Павлодар облысы Денсаулық сақтау басқармасының жұмыс тобы мониторингтік сапар өткізді.
01-06-2026 08:59
Тереңкөл аудандық ауруханасында Павлодар облысы Денсаулық сақтау басқармасының жұмыс тобы мониторингтік сапар өткізді.

 

Мониторинг аясында медициналық ұйымға Павлодар облысы ДСБ өкілдері, штаттан тыс мамандар, эпидемиологтар, үйлестірушілер, клиникалық фармакологтар және МСАК сарапшылары келді.

Жұмыс тобы алғашқы медициналық-санитарлық көмекті ұйымдастыруға, медициналық қызмет көрсету стандарттарының сақталуына, медициналық құжаттаманың жүргізілуіне, сондай-ақ аурухананың құрылымдық бөлімшелерінің жұмысына талдау жүргізді.

Сапар барысында мамандар мекеменің қызметімен танысып, аудан тұрғындарына көрсетілетін медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыру мәселелерін талқылады.

 Тереңкөл аудандық ауруханасы медициналық көмекті жетілдіру, жұмыс тиімділігін арттыру және пациенттерге сапалы қызмет көрсету бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыруда.