Мониторинг аясында медициналық ұйымға Павлодар облысы ДСБ өкілдері, штаттан тыс мамандар, эпидемиологтар, үйлестірушілер, клиникалық фармакологтар және МСАК сарапшылары келді.
Жұмыс тобы алғашқы медициналық-санитарлық көмекті ұйымдастыруға, медициналық қызмет көрсету стандарттарының сақталуына, медициналық құжаттаманың жүргізілуіне, сондай-ақ аурухананың құрылымдық бөлімшелерінің жұмысына талдау жүргізді.
Сапар барысында мамандар мекеменің қызметімен танысып, аудан тұрғындарына көрсетілетін медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыру мәселелерін талқылады.
Тереңкөл аудандық ауруханасы медициналық көмекті жетілдіру, жұмыс тиімділігін арттыру және пациенттерге сапалы қызмет көрсету бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыруда.
@depzdrav_pavlodar
whatsapp руководителя