контакт: 8(71833)22891 darina.toyendykova@bk.ru
адрес: Тереңкөл а, Тәуелсіздік 88.
Тереңкөл аудандық ауруханасында медицина қызметкерлеріне арналған оқу аяқталды
04-06-2026 10:37
Тереңкөл аудандық ауруханасында медицина қызметкерлеріне арналған оқу аяқталды

 

1-3 маусым аралығында Тереңкөл аудандық ауруханасының мәжіліс залында медицина қызметкерлеріне арналған үш күндік оқу өтті.

Оқу тақырыбы:
«Электрокардиография: тіркеу алгоритмдері және клиникалық тәжірибеде шұғыл жағдайларды тану».

Оқуды Астана қаласынан келген лектор, «Kompass» Клиникалық білім беру институты» ЖШС өкілі Жұмабаев Мұрат Болатұлы жүргізді.

Оқу барысында қатысушылар электрокардиограмманы тіркеу және интерпретациялау бойынша теориялық білімдері мен практикалық дағдыларын жетілдіріп, клиникалық тәжірибеде шұғыл жағдайларды уақтылы анықтаудың заманауи тәсілдерін меңгерді.

Алынған білім медицина қызметкерлеріне халыққа көрсетілетін медициналық көмектің сапасы мен тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Мазмұнды әрі кәсіби деңгейде өткізілген оқу үшін Мұрат Болатұлына алғысымызды білдіреміз. Сондай-ақ барлық қатысушыларға белсенділігі мен кәсіби дамуға деген ұмтылыстары үшін ризашылығымызды білдіреміз.