2026 жылғы 3–4 қыркүйек күндері Алматы қаласында халықаралық қатысумен артериялық гипертония және кардиоваскулярлық профилактика бойынша IX Республикалық конгресс — CARDIO Forum QZ өтті.
Конгресс жұмысына Тереңкөл ауданы ауруханасының мамандары:
дәрігер-кардиолог Сальменова Молдир Ануаровна;
ЖПД дәрігері Мулькибаева Махаббат Баянбековна қатысты.
Конгресс барысында мамандар жүрек-қантамыр ауруларының алдын алу және емдеудің заманауи тәсілдерімен, артериялық гипертониясы бар пациенттерді жүргізудің өзекті әдістерімен танысып, әріптестерімен кәсіби тәжірибе алмасты.
Осындай кәсіби іс-шараларға қатысу медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға және заманауи медициналық тәсілдерді тәжірибеге енгізуге мүмкіндік береді.
Мамандарымызға жаңа білім, кәсіби табыс және еңбектеріне толағай жетістіктер тілейміз!