контакт: 8(71833)21235 terenkol.rbk@mail.ru
адрес: с. Теренколь, ул. Тәуелсіздік, 88
ПМК Қоржынкөл ауылында жұмыс істеуде!
15-09-2026 09:38
ПМК Қоржынкөл ауылында жұмыс істеуде!

 

Жылжымалы медициналық кешеннің (ПМК) көшпелі жұмысы аясында Қоржынкөл ауылының тұрғындары тұрғылықты жері бойынша қажетті медициналық көмек алып, профилактикалық тексерулерден өте алады.

 Медицина мамандары тұрғындарды тексеріп, кеңес беріп, ауруларды ерте анықтауға және денсаулықты сақтауға бағытталған профилактикалық іс-шаралар жүргізуде.

 ПМК жұмысы шалғай елді мекендердің тұрғындары үшін медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Денсаулығыңызға қамқорлық жасаңыз — профилактикалық тексерулерден уақытылы өтіңіз!