контакт: 8(71833)22891 darina.toyendykova@bk.ru
адрес: Тереңкөл а, Тәуелсіздік 88.
Қауіпсіздік және еңбекті қорғау бойынша оқыту семинары
15-09-2026 14:46
Қауіпсіздік және еңбекті қорғау бойынша оқыту семинары



2026 жылғы 14 қыркүйекте денсаулық сақтау саласының техникалық инспекторларына арналған «Кәсіпорындардағы қауіпсіздік және еңбекті қорғау» тақырыбында оқыту семинары өтті.

Семинарға Тереңкөл ауданының ауруханасының медбикесі Маңғұт Асия Нурболатқызы
қатысып, еңбекті қорғау және қауіпсіздік талаптары бойынша өз білімін толықтырды.

Семинар барысында техникалық инспекторлардың құқықтық мәртебесі мен өкілеттіктері, еңбекті қорғау саласындағы ішкі бақылау, қауіпсіздік жағдайын бағалау, жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру және жұмыс берушімен өзара іс-қимыл мәселелері қарастырылды.

 Мұндай семинарлар қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігі мәдениетін арттыруға және жұмыс орнында қауіпсіз жағдай қалыптастыруға мүмкіндік береді.