Тереңкөл ауданының ауруханасының мамандары Серикбаев А.А., Сейтова А.А. және Жанимхан А. «Павлодар облыстық балалар ауруханасы» КЕАҚ оқу орталығының базасында «ИКАТ/ИВБДВ» циклі бойынша білім алуда.
Оқыту барысында мамандар балаларға медициналық көмек көрсету саласындағы білімдері мен практикалық дағдыларын жетілдіріп, ауруларды ерте анықтау, диагностикалау, емдеу және алдын алу бойынша кәсіби құзыреттерін арттыруда.
Медицина қызметкерлерінің тұрақты түрде білімін жетілдіруі көрсетілетін медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға ықпал етеді.
Әріптестерімізге оқу барысында сәттілік, жаңа білім және кәсіби жетістіктер тілейміз!