контакт: 8(71841)21579 aktogai_crb@mail.ru
адрес: Павлодар облысы, Ақтоғай ауданы, Ақтоғай ауылы, Марденов көшесі 101
Ардагерлерді ардақтайық!
13-05-2026 11:52
Ақтоғай аудандық ауруханасының медицина қызметкерлері басшысы Сабырова Мадина Ануарбекқызының жетекшілігімен ардагерлер клубына барып, профилактикалық тексеру жүргізді.
 
Тексеру барысында ардагерлердің қан қысымы өлшеніп, қандағы қант деңгейі анықталды, ЭКГ түсірілді. Қабылдауды бейінді мамандар жүргізді:
онколог тексеру жүргізіп, онкологиялық аурулардың алдын алу бойынша ұсыныстар берді,
невропатолог жүйке жүйесінің жағдайын бағалап, шағымдары бойынша кеңес берді,
окулист көру қабілетін тексеріп, оны сақтау бойынша ұсыныстар берді,
кардиолог жүрек-қантамыр жүйесінің жұмысын бағалап, ЭКГ нәтижесін түсіндіріп, емдеу және алдын алу бойынша ұсыныстар берді,
терапевт жалпы тексеру жүргізіп, денсаулық жағдайын бағалап, қажетті тағайындаулар жасады.
 
Ардагерлер қажетті кеңестер алып, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.
 
Мұндай кездесулер — аға буынға деген құрмет пен қамқорлықтың көрінісі.