контакт: 8(71834)91369 uspenka-crb@yandex.ru
адрес: Павлодар облысы, Успен ауданы, Успен а., Абай көшесі, 99
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ: АПВ-ҒА ҚАРСЫ ЕКПЕ 14–17 ЖАСТАҒЫ ҚЫЗДАРҒА ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛАДЫ
14-05-2026 09:37
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ: АПВ-ҒА ҚАРСЫ ЕКПЕ 14–17 ЖАСТАҒЫ ҚЫЗДАРҒА ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛАДЫ

Біз адам папилломасы вирусымен (АПВ) байланысты онкологиялық аурулардың алдын алу бойынша маңызды жұмысты жалғастырып келеміз.

АПВ-ға қарсы вакцинациялау науқаны басталғалы бері 11–13 жастағы қыздарға 398 мыңнан астам профилактикалық екпе салынды. Сонымен қатар, вакцина алғандардың арасында иммундаудан кейінгі жағымсыз әсерлер тіркелген жоқ.

Вакцинацияға қолжетімділікті кеңейту қажеттігі туралы ата-аналар мен азаматтардан көптеген өтініштер келіп түсті.

Осыған байланысты Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 14–17 жас аралығындағы қыздарға қосымша АПВ-ға қарсы вакцинациялау жүргізу туралы қаулысына қол қойылды.

Енді екпе 14 жастан 17 жас 11 ай 29 күнге дейінгі жасөспірімдерге ерікті негізде қолжетімді болады.

АПВ-ға қарсы вакцинациялау — болашақ ұрпақтың денсаулығына салынған инвестиция, жатыр мойны обыры мен басқа да онкологиялық аурулардың алдын алудың тиімді шарасы. Біздің міндетіміз — балалар мен жасөспірімдердің денсаулығын заманауи әрі қауіпсіз қорғауға қолжетімділігін қамтамасыз ету.