Павлодар облысы қаржы басқармасының
2011 жылғы ______________
№_____бұйрығымен
бекітілген
Павлодар облысы әкімдігі
Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының
шаруашылық жүргізу құқығындағы
“Екібастұз қаласының № 1 емханасы”
коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорнының
Жарғыс
Жалпы ережелер
1. Павлодар облысының әкімдігі Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасының “Екібастұз қаласының № 1 емханасы” коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны (бұдан әрі – Кәсіпорын) шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның ұйымдық – құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады.
2. Кәсіпорын Павлодар облысы әкімдігінің 1998 жылғы “28” сәуірдегі “Павлодар облысы денсаулық сақтау жүйесінде заңды тұлғалар құру туралы” № 88 қаулысына сәйкес құрылды.
3. Кәсіпорынның құрылтайшысы жергілікті атқарушы орган – Павлодар облысының әкімдігі болып табылады.
4. Кәсіпорынның мүлкіне қатысты субъектінің құқығын мемлекеттік коммуналдық меншік құқығын жергілікті атқарушы органы — Павлодар облысы әкімдігі жүзеге асырады.
5. Кәсіпорынды басқаруды жүзеге асыратын органы Павлодар облысының денсаулық басқармасы (бұдан әрі – Басқару органы) болып табылады.
6. Мемлекеттiк кәсiпорынның мемлекеттiк тiлдегi атауы: Павлодар облы-сы әкімдігі Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы “Екібастұз қаласының № 1 емханасы” коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорны.
Мемлекеттiк кәсiпорынның орыс тiлiндегі атауы: Коммунальное государственное предприятие на праве хозяйственного ведения “Поликлиника № 1 города Экибастуза” управления здравоохранения Павлодарской области, акимата Павлодарской области.
7. Кәсіпорынның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, 140001, Екібастұз қаласы, Торайғыров көшесі, 20
2. Кәсіпорынның заңды мәртебесі
8. Кәсіпорын мемлекеттік тіркелген сәтінен бастап құрылған болып есептеледі және заңды тұлға құқығына ие болады.
9. Кәсіпорынның заңнамаға сәйкес дербес теңгерімі, банктерде шоттары, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген және Кәсіпорынның атауы бар бланкілері, мөрі болады.
10. Коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын жергілікті атқарушы органның келісімімен басқа заңды тұлға құралады, сондай-ақ оның құрылтайшысы бола алады.
Кәсіпорын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес филиалдар мен өкілдіктер құра алады.
11. Кәсіпорынмен жасалатын және Қазақстан Республиксының заңна-малық актілеріне сәйкес міндетті түрде мемлекеттік немесе өзге тіркеуге тіркеуге жататын азаматтық құқықтық мәмілелер, егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен өзгеше белгіленбесе, тіркелген сәттен бастап жасалынған деп есептеледі.
3. Кәсіпорын қызметінің мәні мен оның мақсаттары
12. Кәсіпорын қызметінің мәні қала тұрғындарына заңнамамен берілген тәртіпте және медицина қызметіне бекітілген түрлеріне берілген лицензияға сәйкес жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету болып табылады.
13. Кәсіпорын қызметінің мақсаттары – тұрғындарға алғашқы медициналық – санитарлық көмек және консультативтік-диагностикалық көмек көрсету, халық денсаулығын қорғау бағдарламасын орындау болып табылады.
14. Кәсіпорын қойылған мақсаттарын іске асыру үшін қызметтің мынадай түрлерін жүзеге асырады:
1) Медициналық қызмет:
— пайда болған ауруды ерте анықтау мақсатында диагностикалау;
— амбулаториялық деңгейде емдеу;
— стационарды алмастыратын көмек (күндізгі стационар, үйде белгіленген стационар);
— профилактикалық тексеріс;
— иммунизация;
— уақытша еңбекке жарамсыздығын сараптау (қағазын беру, еңбекке жарамсыздығы туралы анықтама);
— әйелдер, балалар, соның ішінде жаңа туылғандар патронажы;
— диспансеризациялау және динамикалық бақылау.
2) денсаулық сақтау саласындағы өндірістік-шаруашылық қызметтің жүзеге асуы;
— тегін медициналық көмектің кепілдік көлемі шеңберіне енбеген медициналық қызметтерді ақылы негізде көрсету;
— кәсіпорын мен ұйымдарда медициналық қызметті келісім-шарт негізінде көрсету;
— кәсіпорындармен жасалған шаруашылық келісім-шарттарды, ақылы қызмет және мемлекеттік тапсырысты орындау есебінен, кәсіпорын қызметін қолдау мен дамуына қажет табыс алу;
— тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы Заңнамасына сәйкес ұйымдастырылуы керек;
— науқастарға тегін қызмет көрсету үшін мемлекеттік тапсырыс бойынша алынған қаражатты мақсатты және орынды жұмсау;
3) ұйымда ақпараттық – консультативтік қызмет көрсету және кәсіби курстар, лекциялар, семинарлар, тренингтер, конференциялар өткізу, емдеу-диагностикалау және профилактикалық жұмыс бойынша кеңестік – тәжірибелік көмек көрсету үшін дәрігерлердің жоспарлы шығуларын ұйымдастыру:
— жалпы емдік жүйе мамандарына консультативтік көмек көрсету;
— салауатты өмір салтын насихаттау бойыша санитарлық – қызметтік жұмыс;
4) Қазақстан Республикасының “Денсаулық сақтау жүйесі және халық денсаулығы туралы” Кодексімен тыйым салынбаған, медициналық қызметтің басқа түрлерін жүзеге асыру.
15. Кәсіпорын оның қызметінің мәні мен мақсатына сай емес қызметті жүзеге асыруға, сондай-ақ мәмілелерді жасауға құқылы емес.
16. Кәсіпорынның Қазақстан Республикасының заңдарында немесе құрылтай құжаттарында белгілі бір шек қойылған қызмет мақсаттарына қайшы не оның басшысының жарғылық құзыретін бұза отырып, жасаған мәмілесі тиісті саланың уәкілетті органының немесе кәсіпорынның басқару органы, жергілікті қаражаттан қаржыландырылатын, коммуналдық мүлікке уәкіл етілген облыстық бұйрықтың, жергілікті атқарушы органның не прокурордың талап-арызы бойынша жарамсыз деп танылуы мүмкін.
17. Кәсіпорын басшысының жарғыдан тыс қызметті жүзеге асыруға бағытталған іс-қимылдары еңбек міндеттерін бұзу болып табылып, тәртіптік және материалдық жауаптылық шараларын қолдануға әкеп соғады.
4. Кәсіпорынды басқару
18. Жергілікті атқарушы орган:
1) Кәсіпорындарды құру, қайта ұйымдастыру және тарату туралы шешім қабылдайды;
2) Кәсіпорынның Жарғысын бекітеді, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізеді немесе жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, коммуналдық мүлікке билік етуге уәкілетті атқарушы органға өкілеттік береді;
3) коммуналдық мүлікті Кәсіпорынға бекітеді;
4) Кәсіпорынның филиалдар мен өкілдіктер құруына келісім береді;
5) Кәсіпорынның мүлкін пайдалану туралы, оның ішінде оны кепілге, жалға алуға, өтеусіз пайдалануға және сенімгерлікпен басқаруға беру туралы шешімдер қабылдайды;
6) осы Жарғымен және Қазақстан Республикасының өзге де заңнама- сында жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
19. Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған тәртіпте басқару органы келесі функцияларды жүзеге асырады:
1) бір мекемеге қарасты заңды тұлғаларды басқару сұрақтары бойынша акт әзірлейді, оның іске асуын қамтамасыз етеді;
2) Кәсіпорынды құру, қайта ұйымдастыру және тарату туралы ұсыныс жасайды;
3) Кәсіпорынның Жарғысын бекіту туралы ұсыныс жасайды, оған өзгеріс пен толықтырулар енгізуді ұсынады;
4) Кәсіпорынның бюджетінен қаржыландырылатын қызметінің басым бағыттарын және міндетті жұмыс (қызметтер) көлемін анықтайды;
5) Кәсіпорындардың даму жоспарларын және оларды орындау жөніндегі есептерін қарайды, келіседі бекітеді.
6) Кәсіпорынның даму жоспарының орындалуын талдауды және бақы-лауды жүзеге асырады;
7) Кәсіпорын мүлкінің сақталуын және қолдануын бақылауды қамтамасыз етеді;
8) Кәсіпорын мүлкінің есепке алуды ұйымдастырады, оны тиімді пайдалануды қамтамасыз етеді;
9) Қазақстан Республикасы заңнамасы және осы Жарғы жүктеген басқа да өкілеттілікті жүзеге асырады.
20. Кәсіпорынның Басшысы оның органы болып, заңнамамен көзделген жағдайларда бақылау кеңесі болып табылады.
21. Басшыны тағайындау, оны аттестаттаудан өткізу, Қазақстан Рес- публикасының заңнамасында белгіленген жағдайды қоспағанда, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.
22. Басқару органы Кәсіпорынның Басшының еңбек қатынастарын Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес еңбек шартын жасасу арқылы ресімдейді.
Еңбек шартында Қазақстан Республикасының Еңбек кодексімен белгіленген жағдайлардан басқа, бюджетке таза табыстық белгіленген бөлігі уақытылы аударылмағаны үшін Кәсіпорын Басшының жауапкершілігі айқындалады.
23. Кәсіпорынның Басшыны Кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қыз- метіне және мүлкінің сақталуына дербес жауапты болады.
24. Кәсіпорынның Басшысы Кәсіпорында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекетті ұйымдастыруға дербес жауапты болады.
25. Басшы дара басшылық қағидаттарында әрекет етеді және Кәсіпорын қызметінің барлық мәселелерін Қазақстан Республикасының заңнамасымен және осы Жарғымен айқындалатын өз құзыретіне сәйкес дербес шешеді.
26. Басшы:
1) Кәсіпорынның атынан сенімхатсыз әрекет етеді және оның мүдде- лерін барлық органдарда білдіреді;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген шектерде Кә- сіпорынның мүлкіне билік етеді;
3) шарттар жасасады және өзге де мәмілелер жасайды;
4) сенімхаттар береді;
5) банктік шоттар ашады;
6) Кәсіпорынның барлық қызметкерлері үшін міндетті бұйрықтар шы- ғарады және нұсқаулар береді;
7) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес Кәсіпорынның қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және олармен еңбек шарттарын бұзады, көтермелеу шараларын қолданады және егер Қазақстан Республикасының заңнамасымен және осы Жарғымен өзгеше көзделмесе оларды жазаға тартады;
Басқару органы Басшының ұсынымы бойынша қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Кәсіпорын қызметкерлерінің номенклатурасы оның Жарғысында белгіленеді;
8) белгіленген еңбекақы төлеу қоры шегінде еңбекақы төлеу нысанын, штаттық кестені, лауазымдық айлықақылардың мөлшерлерін, Кәсіпорынның
қызметкерлеріне (өзінің орынбасарлары мен бас бухгалтерді қоспағанда) сыйлықақы беру және өзге де сыйақы жүйесін бекітеді;
9) өзінің орын басарларын қызметке тағайындау және қызметтен босату үшін тиісті саланың Басқару органына кандидатуралар ұсынады;
10) өзінің орынбасарлары мен Кәсіпорынның басқа да басшы қызмет- керлерінің құзыретін белгілейді;
11) тиісті саланың Басқару органының келісімі бойынша Кәсіпорынның филиалдары мен өкілдіктерінің директорларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
12) Кәсіпорынның филиалдары мен өкілдіктері туралы ережелерді бекітеді;
13) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функ- цияларды жүзеге асырады.
5. Байқау кеңесімен шаруашылық жүргізу құқығындағы
Кәсіпорынды басқару ерекшеліктері
27. Кәсіпорында Басқару органның ұсынысы бойынша байқау кеңесі құрылуы мүмкін.
28. Байқау кеңесін құру реті, байқау кеңесі құрамына сайланатын тұлғаларға қойылатын талаптар, сонымен қатар байқау кеңесі мүшелерін конкурстық іріктеу реті мен уәкілеттіліктерін мерзімнен бұрын тоқтату Қазақ-тан Республикасы Үкіметімен бекітілген.
29. Байқау кеңесі мүшелерінің қызметін бағалау мен байқау кеңесінің мүшелеріне сыйақы төлеу шегін анықтау Қазақстан Республикасы Үкіметімен айқындалған.
30. Байқау кеңесінің қызметі әрекет етуші заңнамамен және байқау кеңе-сінің бекітілген ережесімен реттеліп отырады.
6. Кәсіпорынның мүлкі
31. Кәсіпорынның мүлкін, құны оның теңгерімінде көрсетілетін Кәсіп- орынның активтері құрайды.
32. Кәсіпорынның мүлкі бөлінбейтін болып табылады және салымдар (жарғылық капиталдағы қатысу үлестері, пайлар) бойынша, оның ішінде Кәсіпорын қызметкерлерінің арасында бөлуге болмайды.
33. Кәсіпорынның мүлкі:
1) оған меншік иесі берген мүліктің;
2) өз қызметiнiң нәтижесінде сатып алынған мүлiктiң (ақшалай табыс- тарды қоса алғанда);
3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де қаражат көздерінің есебінен қалыптастырылады.
34. Кәсіпорынның жүргізуінде тек оның жарғылық мақсаттарымен көзделген қызметін қамтамасыз ету үшін оған қажетті, не осы қызметтің өнімі болып табылатын мүлкі болуы мүмкін.
35. Шаруашылы жүргізу құқығын алу және тоқтату, егер осы бапта өз- геше көзделмесе немесе аталған заттық құқықтың табиғатына қайшы келмесе, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде меншік құқығын және өзге де заттық құқықты алу мен тоқтату үшін көзделген талаптарда және тәртіппен жүзеге асырылады.
36. Шаруашылық жүргізудегі мүлікті пайдаланудың жемістері, өнімі мен кірістері, сондай-ақ Кәсіпорын шарттар немесе өзге де негіздер бойынша алған мүлік Қазақстан Республикасының заңнамасында меншік құқығын алу үшін белгіленген тәртіппен Кәсіпорынның шаруашылық жүргізуіне түседі.
37. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасымен немесе меншік иесі- нің шешімімен өзгеше белгіленбесе, мүлікке шаруашылық жүргізу құқығы, оған қатысты меншік иесі оны Кәсіпорынға бекіту туралы шешім қабылдаған, Кәсіпорында мүлікті өз теңгеріміне бекіткен сәтінде туындайды.
38. Кәсіпорынның негізгі құралдарға жататын мүлікті сатып алу-сату, айырбастау, сыйға тарту шарттары негізінде иеліктен айыруға құқығы жоқ.
39. Кәсіпорынның мүлкіне шаруашылық жүргізу құқығы, Қазақстан Рес- публикасы Азаматтық кодексінің 249-бабында көзделген тәртіппен және меншік құқығын тоқтату негіздері бойынша, сондай-ақ осы Жарғының 40, 41-тармақтарында көзделген жағдайларда тоқтатылады.
40. Осы Жарғының 41 тармағында көзделген шаруашылық жүргізу құ- қығын тоқтатудың жалпы негіздерінен басқа, шаруашылық жүргізу құқығы Кәсіпорыннан мүлікті меншік иесінің шешімі бойынша заңды түрде алынып қойылған жағдайда тоқтатылады.
Заңды түрде алып қою жағдайларына, атап айтқанда, мыналар:
— шаруашылық жүргізу құқығындағы Кәсіпорынның жарғылық қызме- тінің мақсаттарына жауап бермейтін мүлікті алып қою;
— артық, пайдаланылмайтын не мақсатқа сай емес пайдаланылатын мү- лікті алып қою жатқызылады.
41. Шаруашылық жүргізу құқығындағы мүлікті алып қою туралы шеші- мінде мемлекеттік мүлік жөніндегі жергілікті атқарушы орган (жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын атқарушы орган, облыстық ком-муналдық мүлікке бұйрық етуге өкілетті) Кәсіпорынға оны өзге тұлғаға бергенге дейін ұстауын және сақталуын қамтамасыз етудің мерзімдерін белгілейді.
42. Кәсіпорын жергілікті атқарушы органның жазбаша келісімімен тиісті саланың Басқару органының ұсынымы бойынша филиалдар, өкілдіктер құруға құқылы.
43. Кәсіпорын шаруашылық жүргізу құқығында бекітілген негізгі заттар- ға жатпайтын жылжымалы мүлікке дербес бұйрық етеді.
44. Егер Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі немесе меншік иесі өзгеше белгіленбесе, осы Жарғының 43 тармағында көрсетiлген мүлiкпен жасалған мәмiлелерден алынған ақшаны Кәсіпорын дербес пайдаланады.
7. Кәсіпорынның қызметін қаржыландыру
45. Кәсіпорынның қызметі өз табысы және Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында айқындалған тәртіппен алынған бюджет қаражаты есебінен даму жоспарына сәйкес қаржыландырылады.
Кәсіпорынның даму жоспарларын әзірлеу және бекіту тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
46. Кәсіпорынның таза табысының бір бөлігін аудару нормативін жергі- лікті атқарушы орган белгілейді.
Кәсіпорынның таза табысының бір бөлігі белгіленген нормативтер бойынша Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінде белгіленген тәртіппен республикалық бюджетке аударылуы тиіс.
Кәсіпорын таза табысының бір бөлігін республикалық бюджетке аударуды корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны тапсыру үшін белгіленген мерзімнен кейін он жұмыс күнінен кешіктірмей жүргізеді.
Бюджеттен қаржыландырылатын жұмыстардың (көрсетілетін қызмет- тердің) көлемі шеңберінде өндiрілетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсе- тілетін қызметтердің) бағаларын тиісті саланың Басқару органымен келісім бойынша Кәсіпорын белгiлейдi.
49. Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынған, Кәсіп- орынның Жарғысында көзделмеген қызметтi жүзеге асырудан осы кәсіпорын алған табыстар, сондай-ақ бюджеттен қаржыландыру есебінен құралған,
сатылатын тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) белгіленген бағаларын көтеру нәтижесiнде алынған табыстар Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртiппен бюджетке алып қоюға жатады. Мүлікті бухгалтерлік есеп қағидалары бойынша тиісті түрде көрсетпей пайдалану фактілері анықталған жағдайда, ол да алып қоюға жатады.
8. Кәсіпорынның жарғылық капиталы
50. Кәсіпорынның жарғылық капиталының мөлшері 86 131 000 (сексен алты миллион жүз отыз бір мың) теңге құрайды, бұл Кәсіпорынның мемлекеттік тіркелуі кезіне Құрылтайшымен толық қалыптастырылды.
9. Кәсіпорынның есепке алуы мен есептілігі
51. Кәсіпорынның бухгалтерлік есебін жүргізу және қаржылық есепті- лігін жасау Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасына және қаржылық есептіліктің тиісті саланың Басқару органының келісімі бойынша халықаралық стандарттарына және қаржылық есептіліктің ұлттық стандарттарына сәйкес Кәсіпорынның басшысы бекітетін есеп саясатына сәйкес жүзеге асырылады.
52. Кәсіпорынның жылдық қаржылық есеп беруі бухгалтерлік теңгерім- ді, табыстар мен шығындар туралы есепті, ақша қозғалысы туралы есепті, өз капиталындағы өзгерістер туралы есепті, түсіндірме жазбаны қамтиды.
10. Кәсіпорынның жауапкершілігі
53. Шаруашылық жүргізу құқығындағы Кәсіпорын өз міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі барлық мүлікпен жауап береді.
11. Еңбек ұжымымен өзара қатынас
54. Кәсіпорынның үкімшілігі мен еңбек ұжымы арасындағы өзара қаты- нас Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және ұжымдық шартқа сәйкес айқындалады.
55. Кәсіпорынның жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібі қағидасына сәйкес белгіленеді және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасына қайшы келмеуі тиіс.
12. Кәсiпорын қызметкерлерiне еңбекақы төлеу
56. Кәсіпорынның еңбекақы төлеу қорының мөлшерін жыл сайын Бас- қару органы белгілейді.
57. Еңбекақы төлеу нысандарын, штат кестесiн, лауазымдық айлықақы- лар мөлшерiн, сыйлықақы беру және өзге сыйақы жүйесiн белгiленген еңбек- ке ақы төлеу қорының шегiнде Кәсiпорын дербес айқындайды.
58. Кәсiпорын басшысының, оның орынбасарларының, бас (аға) бухгал- терiнiң лауазымдық айлықақыларының мөлшерiн, оларға сыйлықақы беру және өзге де сыйақы жүйесiн тиісті саланың Басқару органы белгiлейдi.
13. Кәсіпорынды қайта ұйымдастыру және тарату
59. Кәсіпорынды қайта ұйымдастыру және тарату жергілікті атқарушы органының шешімі бойынша жүргізіледі.