контакт: 8(7187)278602 278597 polikl-1@mail.ru
адрес: Екібастұз қаласы, Торайғыров көшесі 20 үй
Мемлекеттік қызметтер
27-01-2020 13:23

Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік қызмет көрсету

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі «Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын бекіту туралы» №272 бұйрығына сәйкес Екібастұз қаласындағы емдеу мекемелері мемлекеттік қызмет көрсетудің келесі стандарттарын көрсетеді:

«Дәрігерді үйге шақыру» мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты

1.Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі:

Мемлекеттік қызмет қызмет көрсетушіге тікелей хабарласқан кезде немесе қоңырау шалған күні көрсетіледі. Сонымен бірге мемлекеттік қызметті көрсетуге жұмыс уақыты аяқталуға 2 сағат қалғанға дейін (жұмыс күндері сағат 18.00-ге дейін, сенбі күні – сағат 12.00-ге дейін) тапсырыс беруге болады.

Электрондық нұсқадағы мемлекеттік қызмет порталға енгізілген күні көрсетіледі.

Сонымен қоса мемлекеттік қызмет көрсетуге жұмыс уақыты аяқталуға 2 сағат қалғанға дейін (жұмыс күндері сағат 18.00-ге дейін, сенбі күні – сағат 12.00-ге дейін) тапсырыс беруге болады.

2.«Дәрігердің қабылдауына алдын ала жазылу» мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты

Мемлекеттік қызмет қызмет алушыға тікелей хабарласқан кезде немесе қоңырау шалған кезде – дәрігердің қабылдауына алдын ала журналға жазылу және дәрігердің қай күні, қай уақытта қабылдайтынын ауызша жеткізу қабылдайтын дәрігердің жұмыс кестесіне сәйкес көрсетіледі; Жұмыс кестесі: дүйсенбіден сенбіге дейін (дүйсенбіден – жұма аралығында сағат 8.00-ден 20.000-ге дейін, үзіліссіз, сенбі күні сағат 9.00-ден 14.00-ге дейін!, жексенбіден және Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің мереке күндеріне сәйкес; «Алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін мемлекеттік мекемелерге бекіту» мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты

 

3 .Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі

Электрондық нұсқадағы мемлекеттік қызмет порталға енгізілген күні көрсетіледі. Сонымен бірге мемлекеттік қызмет көрсетуге жұмыс уақыты аяқталуға 2 сағат қалғанға дейін (жұмыс күндері сағат 18.00-ге дейін, сенбі күні – сағат 12.00-ге дейін) тапсырыс беруге болады.

Мемлекеттік қызмет көрсету түрлері: электрондық (жартылай автоматтандырылған) немесе қағаз түрінде.

Мемлекеттік қызмет көрсетудің қорытындысы – қағаз түрінде (еркін үлгіде) жазылған хабарлама (талон) немесе электронды сандық қолтаңбамен қолы қойылған (ЭСҚ) электронды құжат түрінде.

Мемлекеттік қызмет көрсету – тегін.

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар: (немесе оның сенімді өкілінің): еркін үлгідегі өтініш; құжат, жеке куәлігі.

  1. «ВИЧ-инфекциясына ерікті, құпия түрдегі және міндетті арнайы медициналық тексеріс» Мемлекеттік қызмет көрсету стандарты

Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі

Мемлекеттік қызмет көрсетудің қорытындысы – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 сәуірдегі №246 «Қазақстан Республикасы азаматтарын ерікті немесе құпия түрде медициналық тексеруден өткізу және оралмандарды ВИЧ-инфекциясына №11145 мемлекеттік нормативтік-құқықтық актілерді тіркеу реестрінде тіркелген) тегін түрде өткізу мәселелері жөніндегі Ережені бекіту тәртібі туралы» бұйрығына сәйкес адамды иммунитет тапшылығы вирусына зерттеу туралы анықтама-сертификат.

Тексерудің қорытындысы керісінше көрсеткен жағдайда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі қызмет алушының өз қолына беріледі.

Мемлекеттік қызмет көрсету қызмет алушыларға – Қазақстан Республикасы азаматтары мен оралмандарға тегін, ал шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғаларға ақылы негізде көрсетіледі.

Төлемақы қызмет ұсынушының кассасына қолма-қол төленеді.

  1. Мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты: Алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсетілетін медициналық мекемеден анықтаманың берілуі

Мемлекеттік қызмет қызмет көрсетушіге тікелей хабарласқан кезде немесе қоңырау шалған күні көрсетіледі. Сонымен бірге мемлекеттік қызмет көрсетуге жұмыс уақыты аяқталуға 2 сағат қалғанға дейін (жұмыс күндері сағат 18.00-ге дейін, сенбі күні – сағат 12.00-ге дейін) тапсырыс беруге болады.

Мемлекеттік қызмет көрсету – қағаз түрінде

Мемлекеттік қызмет көрсетудің қорытындысы – Қазақастан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2010 жылғы 23 қарашадағы «Денсаулық сақтау мекемесінің алғашқы дәрігерлік көмек түрін бекіту туралы (№6697 мемлекеттік нормативтік-құқықтық актілерді тіркеу реестрінде тіркелген) бұйрығына сәйкес учаскелік дәрігер немесе жалпы практикадағы дәрігердің қолымен, дәрігердің жеке өзінің немесе қызмет көрсетушінің мөрімен бекітілген №079/у және №035-2/у түрлері бойынша және мемлекеттік қызмет көрсету стандартына қосымша алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсеткен медициналық мекеменің анықтамасы.

Мемлекеттік қызмет көрсету – тегін.

 

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету стандарты: «Алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсеткен мемлекеттік мекеменің уақытша жұмысқа жарамсыздығы туралы парағын беруі».

Мемлекеттік қызмет көрсетудің қорытындысы – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы «Жұмысқа уақытша жарамсыздығы сараптамасын жүргізу, жұмысқа уақытша жарамсыздығы туралы парағын және анықтаманы беру Ережесін бекіту туралы» №183 бұйрығына сәйкес (№10964 мемлекеттік нормативтік-құқықтық актілерді тіркеу реестрінде тіркелген) алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсеткен мемлекеттік мекеменің жұмысқа уақытша жарамсыздығы парағы.

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету стандарты: «Алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсеткен медициналық мекеменің жұмысқа уақытша жарамсыздығы туралы анықтама беруі.

 

Мемлекеттік қызмет көрсетудің қорытындысы – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің «жұмысқа уақытша жарамсыздығы сынағын жүргізу, жұмысқа уақытша жарамсыздығы туралы парағы пен анықтаманы (№1096410964 мемлекеттік нормативтік-құқықтық актілерді тіркеу реестрінде тіркелген) №183 бұйрығына сәйкес алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсеткен мемлекеттік мекеменің уақытша жұмысқа жарамсыздығы туралы берген анықтамасы.

Мемлекеттік қызмет көрсету – тегін.