контакт: Дәрігер-сарапшы- 8(7182)-55-57-34 Регистратура - 8(708)4665715; 8(7182) -55-52-10 Instagram - @pgcrd_pvl E-mail - pgcrd@mail.ru
адрес: Павлодар қ-сы, Лермонтов к-сі, 59 үй
«Облыстық реабилитациялық орталығы» ШЖҚ КМК қызметкерлері Павлодар кардиологиялық орталығы базасында өткен семинарға қатысты.
28-11-2025 10:26

Ұлттық балаларды оңалту орталығының (Астана қ.) дәрігер-реабилитологы, №6 «Қамқорлық» психоневрологиялық бөлімінің меңгерушісі Зульфия Жансейітқызы Ахметжанова «Жұмыс істеудің халықаралық сыныптамасы негізінде балалардағы оңалтудың тиімділігін бағалау» тақырыбында баяндама жасады.

Іс-шараға қатысушылар практикалық кейстерді талқылауға белсенді қатысып, тәжірибе алмасты және шақырылған сарапшыға өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды. Семинар негізіндегі «Облыстық реабилитациялық орталығы» ШЖҚ КМК қызметкерлерінің білімін кеңейтуге және өңірдегі медициналық ұйымдар арасындағы кәсіби байланысты нығайтуға мүмкіндік берді.
Алынған материалдар мен ұсыныстар орталықтың алдағы жұмысында балаларға көрсетілетін реабилитациялық көмектің сапасын арттыру үшін пайдаланылатын болады.