контакт: Дәрігер-сарапшы- 8(7182)-55-57-34 Регистратура - 8(708)4665715; 8(7182) -55-52-10 Instagram - @pgcrd_pvl E-mail - pgcrd@mail.ru
адрес: Павлодар қ-сы, Лермонтов к-сі, 59 үй
«Облыстық оңалту орталығы» КМК ұжымы мен басшылығы кәсіби қызметі педагогика және түзете-дамыту жұмысымен тығыз байланысты мамандарды Ұстаздар күнімен құттықтады.
08-10-2026 16:40



Орталығымыздағы логопедтер, дефектологтар, педагог-психологтар, әлеуметтік педагогтер және басқа да мамандар балалардың жан-жақты дамуына, олардың қабілеттерін ашуға және жаңа мүмкіндіктерге қадам басуына күн сайын өз үлестерін қосып келеді.

Бұл — үлкен жауапкершілікті, кәсіби шеберлікті, мейірімділік пен сабырлылықты талап ететін маңызды еңбек.

Құрметті әріптестер, еңбектеріңіз үшін алғыс білдіреміз! Әр балаға деген қамқорлықтарыңыз бен кәсіби біліміңіз көптеген отбасы үшін үлкен қолдау болып табылады.

Сіздерге мықты денсаулық, шығармашылық табыс, кәсіби жетістіктер және еңбектеріңіздің жемісін көру бақытына бөленуді тілейміз!