Республика күні – еліміздің мемлекеттілігі мен егемендігінің бастауы, ұлттық бірлік пен отансүйгіштіктің айқын көрінісі. Бұл мереке халқымыздың тарихын, елдік мұратын және жарқын болашаққа деген сенімін айшықтайды. Ол туған жерге деген сүйіспеншілігімізді арттырып, ортақ мақсат жолында бірлігімізді нығайта түседі.
Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Қазақстанымыздың көк туы әрдайым биікте желбіреп, халқымыздың ынтымағы мен берекесі арта берсін. Әр шаңыраққа шаттық, әр отбасына амандық, елімізге тұрақтылық пен толағай табыс тілейміз!
Республика күні құтты болсын! Еліміз өркендеп, тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев
