Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев
Павлодарлық 103 қызметінің диспетчері «қоңырауды ұстап қалу» арқылы үйде босануға көмектесті
10-03-2022 16:56

Павлодарлық 103 қызметінің диспетчері «қоңырауды ұстап қалу» арқылы үйде босануға көмектесті

 

Медицина қызметкерінің ұсыныстарының және жедел жәрдем бригадасының жылдам баруының арқасында сәби аман есен туылды.

 

Облыстық жедел жәрдем станциясында «қоңырауды ұстап тұру»әдісін қолдану жалғасуда. Оны медициналық бригада келгенге дейін жедел көмек көрсету туралы нұсқау беретін қызмет диспетчерлері пайдаланады. Осыған орай, 103 қызметкері үйде босануға көмектесті.

 

Павлодарлық пәтерлердің бірінде 26 жастағы әйелдің толғағы  басталған кезде оның жақындары жедел жәрдем шақырды. Диспетчер қоңырауды медициналық бригадаға тапсырды, ал өзі босанған әйелдің қасында болғандарға не істеу керектігін айтты. Гинекологиялық топ шақырудан алты минут өткен соң, сәби туылған  кезде келді. Ана мен баланы қарап шыққаннан кейін медицина қызметкерлері оларды облыстық перинаталдық орталыққа жеткізді. Қазір олардың өмірі мен денсаулығына ештеңе қауіп төндірмейді.

 

Соңғы екі жылда - 2020 және 2021 жылдары Павлодар қызметінде 103-те  қоңырау 26 мыңға жуық «ұсталды». Павлодар облысы осы әдіс қолданылатын Қазақстандағы әзірге жалғыз өңір болып табылады