Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев
70 шақырым: Павлодарлық 103 қызметінің диспетчері үйде босануға көмектесті
15-04-2022 16:33

70 шақырым: Павлодарлық 103 қызметінің диспетчері үйде босануға көмектесті

Жедел жәрдем қызметкері «қоңырауды ұстап қалу» әдісін қолданды және медициналық бригада шақыру орнына жеткенде, қоңырау шалушыларға босануды қалай жүргізу керектігін үйретті.

Павлодардан 70 шақырым жерде орналасқан Құркөл ауылынан бүгін түнгі сағат үште. 103 ке шұғыл қоңырау келіп түсті, себеп 37 жастағы әйел босануды бастады. Медициналық бригаданың мекен-жайға жетуі 18 минутты құрады. Осы уақыт ішінде босанатын әйелдің жақындарымен байланыста диспетчер болды, ол жедел жәрдем келгенге дейін не істеу керектігін түсіндірді.

Оқиға орнына келген дәрігерлер жаңа туған нәрестені бен оның анасын қарап, кейін Ақсу қалалық ауруханасының перзентханасына жеткізді. Қазір олардың денсаулығына ештеңе қауіп төндірмейді.

Сонымен қатар, жаңа туған нәрестелерге байланысты екі шұғыл шақыртуды жедел жәрдем станциясының құрамына кіретін медициналық авиация қызметі пысықтады. Кішкентай пациентті тасымалдауға алғашқы өтінім Ақсу қаласынан, екіншісі Май ауданынан келіп түсті. Екі жағдайда да, ай күні жетілмей  туылған нәрестелерде тыныс алу жеткіліксіздігі анықталды. Балаларды жерүсті көлігімен облыстық перинаталдық орталыққа жеткізді.

Облыстық жедел жәрдем станциясының баспасөз қызметі